MNU Logo

Тіл, мәдениет және қоғамды зерттеу орталығы (LCS)

LCS орталығы туралы

Тіл, мәдениет және қоғамды зерттеу орталығы (LCS)

Maqsut Narikbayev University-дің Тіл, мәдениет және қоғамды зерттеу орталығы (LCS) Қазақстан мен Орталық Азияға ерекше назар аудара отырып, тіл, мәдениет, білім беру, адам мінез-құлқы және әлеуметтік трансформацияларды зерттеу үшін гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы зерттеушілерді біріктіреді.

Біздің миссиямыз

Академиялық ғылымның, кәсіби тәжірибенің және мемлекеттік саясаттың дамуына ықпал ететін, сондай-ақ адамдардың әл-ауқаты мен инклюзивті дамуына үлес қосатын эмпирикалық деректерге негізделген пәнаралық зерттеулерді дамыту.

Зерттеудің негізгі бағыттары

01

Тіл, бірегейлік және қоғам

Көптілділік, тіл саясаты, тіл және бірегейлік, билік және инклюзия.

02

Коммуникация және тілдік технологиялар

Жазбаша және ауызша аударма, мәдениетаралық коммуникация және жасанды интеллект қолданылатын тілдік тәжірибелер.

03

Білім беру және әлеуметтік трансформациялар

Педагогтерді даярлау, жоғары білім беру педагогикасы, ағылшын тілінде оқыту (EMI) және жасанды интеллектіні қолдану арқылы оқыту.

04

Адам мінез-құлқы, әл-ауқат және әлеуметтік динамика

Психология, әл-ауқат, төзімділік және әлеуметтік өзгерістерге бейімделу.

05

Ұтқырлық, мәдениет және орнықты даму

Мәдени мұра, орнықты туризм, білім беру ұтқырлығы және қалалық тәжірибе.

Оқытушылардың ғылыми-зерттеу профильдері

https://orcid.org/0000-0001-5929-8532

Білімі: Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті (2003); Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (2008); Лестер университеті (2018), қолданбалы лингвистика және TESOL магистрі. 2004 жылдан бері MNU-да жұмыс істеп, академиялық және басшылық қызметтер атқарды.

2019 жылдан — School of Liberal Arts деканы; 2025 жылдан — MNU Provost. Жоғары білім берудің институционалдық дамуы, көптілді білім беру және тіл саясаты салаларындағы зерттеулер. Негізгі назар CLIL технологиясын білім беру үдерісінде қолдануға, ағылшын тілін оқытуды жетілдіруге және оқытушылардың кәсіби дамуына аударылады

 

Ғылыми қызығушылықтары: Институционалдық зерттеулер; пәндік-тілдік интеграцияланған оқыту (CLIL); көптілді білім беру және тіл саясаты; ағылшын тілін оқыту әдістемесі; оқытушылардың кәсіби дамуы.

Ибраева Анар Бауыржановна — Teaching Professor, Провост (Ректор), Академиялық және зерттеу кеңесінің төрағасы. Филология ғылымдарының кандидаты.

https://orcid.org/0000-0002-0645-6928

Ол Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландырған «Қазақстандағы педагогикалық білім берудің зерттеу әлеуетін дамыту» жобасына жетекшілік етті және жоғары білім беру саласындағы бірлескен зерттеу жобаларына қатысты. Оның ғылыми қызығушылықтарына жоғары және педагогикалық білім беру, зерттеу әлеуетін дамыту, сондай-ақ білім беру зерттеулерінде дискурс талдауы мен корпустық лингвистиканы қолдану жатады.

 

Ғылыми қызығушылықтары: Жоғары білім беру; зерттеу әлеуетін дамыту; педагогикалық білім беру; түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері; гендер және білім беру; дискурс талдауы; корпустық лингвистика.

Гульфия Жасулановна Кучумова - Associate Professor, ағылшын лингвистикасы бойынша магистр дәрежесіне және білім беру саласындағы PhD дәрежесіне ие.

https://orcid.org/0000-0002-1177-4840

Докторантураның бір бөлігін АҚШ-тағы Пенсильвания университетінде өтті. Эстониядағы Тарту университетінің Йохан Шютте атындағы Саяси зерттеулер институтында көші-қон және білім беру мәселелері бойынша постдокторлық зерттеу жүргізді. 2022 жылдан бастап Maqsut Narikbayev University School of Liberal Arts мектебінің қауымдастырылған профессоры қызметін атқарады. 2023–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қаржыландыруымен Қазақстандағы педагогикалық білім беруде зерттеу әлеуетін дамыту жобасын жүзеге асырды.

 

Сондай-ақ 2023 жылы Назарбаев Университеті жанындағы Орталық Азия білім беру инновациялары мен трансформациясын зерттеу орталығының Қазақстанның жекеменшік жоғары оқу орындарындағы академиялық қызметте жоғарылату және еңбекақы төлеу саясаты жобасына арналған грантын иеленді. Қазіргі уақытта Quality Assurance in Education (Emerald) және Studies in Higher Education (Taylor & Francis) журналдарының рецензенті.

 

Ғылыми қызығушылықтары: Тіл саясаты және тілдік жоспарлау; жоғары білім беруді басқару; жоғары білім беруді интернационалдандыру; зерттеу әлеуетін дамыту; университеттер мен индустрия арасындағы әріптестік.

Мухамеджанова Динара Рамазановна, Қауымдастырылған профессор, Назарбаев Университетінде білім беру саласы бойынша PhD дәрежесін алған.

https://orcid.org/0000-0003-4798-5583

Докторлық диссертациялық зерттеуінің ғылыми жаңашылдығы мен маңыздылығы үшін Лаура Басси атындағы халықаралық зерттеу стипендиясына (Laura Bassi Scholarship) ие болған. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде филология мамандығы бойынша бакалавр (BA) және қолданбалы лингвистика мамандығы бойынша магистр (MA) дәрежелерін үздік дипломмен алған. Queen Mary University of London, Suleyman Demirel University, University of Edinburgh, Nazarbayev University және Мәскеу мемлекеттік университеті сияқты жетекші халықаралық жоғары оқу орындарында оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметімен айналысқан.

 

Магистрлік және PhD деңгейіндегі ғылыми зерттеулерге жетекшілік еткен. Ұлыбританияның Өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер кеңесінің (AHRC) қаржыландыруымен жүзеге асырылған Towards Large-scale Cultural Analytics in the Arts and Humanities («Өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы мәдени деректерді ауқымды талдауға қарай») атты пәнаралық ғылыми жобаға зерттеуші ретінде қатысқан. Беделді халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған ғылыми еңбектердің авторы, олардың қатарында Language Policy, Journal of Sociolinguistics, International Journal of the Sociology of Language, Discourse & Society және Central Asian Survey бар.

 

Ғылыми зерттеулері тіл саясаты, тілдік идеологиялар, ұлттық бірегейлік, тіл мен билік арасындағы өзара байланыс мәселелеріне арналған. Ғылыми еңбектерінде Қазақстандағы тілдік қатынастардың өзгеруіне, отарсыздану мен жаһандану үдерістеріне, сондай-ақ посткеңестік кеңістіктегі қоғамдық дискурстың трансформациясына ерекше назар аударылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын Қазақстанның тіл саясатына арналған ғылыми жобаға (2026–2028) жетекшілік етеді.

 

Ғылыми қызығушылықтары: Қазақстан мен посткеңестік Еуразиядағы социолингвистика және тіл саясаты; тілдік идеологиялар мен постколониалдық мәселелер; медиа дискурстағы сыни дискурс-талдау, бірегейлік және билік; лингвистикалық ландшафт пен әлеуметтік семиотика; цифрлық аудиториялар және визуалды мәдениеттер.

Камалова Алина - Әлеуметтік лингвистика және тіл саясаты саласының маманы, Эдинбург университетінің PhD докторы (2023)

https://orcid.org/0000-0001-9684-1944

«Психология» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы 2022 жылы № 49 бұйрықпен берілген.

2007–2010 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті психология факультетінің күндізгі аспирантурасында білім алды. 2011 жылы 19.00.05 — «Әлеуметтік психология» (психология ғылымдары) мамандығы бойынша «Тұлғааралық қабылдаудың дәлдігі мен адекваттылығының жас ерекшеліктеріне байланысты динамикасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

2005 жылдан бастап жоғары оқу орындарында оқытушылық қызмет атқарып келеді. Қазақстан мен Өзбекстан университеттерінде кәсіби және ғылыми-педагогикалық қызмет тәжірибесі бар.

2016 жылдан бастап Австралия, Ұлыбритания, Канада, Нидерланд, Польша, Ресей және АҚШ ғалымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларын үйлестіреді. Халықаралық ғылыми ынтымақтастық нәтижелері Scopus және Web of Science халықаралық дерекқорларында индекстелетін рецензияланатын ғылыми басылымдарда жарияланған.

2023–2025 жылдары «Қазақстан Республикасында қабылдаушы қоғамның шетелдік және ішкі мигранттарды қабылдауының әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері» атты гранттық ғылыми жобаның (ЖТН AP19679651) жетекшісі болды.

2023 жылдан бастап «Елдің зияткерлік әлеуеті» ғылым бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің (әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар, өнер) мүшесі болып табылады. 2024 жылдан бастап «Психология» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің мүшесі.

Ғылыми қызығушылықтары: әлеуметтік перцепция; үлкен және шағын әлеуметтік топтар психологиясы; климаттық психология; миграция психологиясы.

Әділ Серікпаевич Самекин — философия докторы (PhD), «Психология» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор.

https://orcid.org/0000-0002-6559-5776

Оқытушылық, ғылыми-зерттеу және психологиялық практикада 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Maqsut Narikbayev University-де консультативтік, когнитивтік және қолданбалы психология пәндерін оқытып, магистранттарға ғылыми жетекшілік етеді. Бұған дейін Nazarbayev University-де тоғыз жыл аға психолог болып, студенттерге кеңес беру және психикалық денсаулық пен психологиялық әл-ауқатқа қатысты бастамалармен айналысты. Сертификатталған және аккредиттелген гештальт-терапевт әрі супервизор.

 

Ғылыми қызығушылықтары: Психикалық денсаулық және психологиялық әл-ауқат; консультативтік психология және психотерапия; гештальт-терапия және транзактілік талдау; психологиялық тұрақтылық, стресс және кәсіби күйіп кету; студенттер психологиясы және жоғары білім берудегі әл-ауқат; психометрика; сыбайлас жемқорлықтың, сенімнің және азаматтық мінез-құлықтың әлеуметтік психологиясы.

Ерден Рамазанович Нуртаев — Assistant Professor, педагогика және психология саласындағы PhD, оқытушы, зерттеуші және практик-психолог.

https://orcid.org/0000-0002-9110-5259

Бакалавриат, магистратура және PhD деңгейлерінде сабақ беру, зерттеу жобалары мен диссертацияларға жетекшілік ету тәжірибесі бар. Сандық және сапалық зерттеу әдістерін, зерттеу дизайнын, себеп-салдарлық талдауды, әлеуметтік желілерді талдауды, үлкен деректерді, есептеу әлеуметтік ғылымын және экономикалық әлеуметтануды оқытады. Қазақстан мен Орталық Азиядағы есептеу әлеуметтік ғылымы, цифрлық медиа, ғылым саясаты және әлеуметтік зерттеулер жөніндегі ұлттық жобаларға жетекшілік етіп, қатысқан.

 

Ғылыми қызығушылықтары: Есептеу және эксперименттік әлеуметтік ғылым; адам мен ЖИ өзара әрекеттестігі; экономикалық әлеуметтану, институттар және айырбас ұйымы; цифрлық медиа және саяси мінез-құлық; деректерге негізделген әлеуметтік саясат пен басқару.

Адиль Николаевич Родионов — Maqsut Narikbayev University әлеуметтану бойынша қауымдастырылған профессоры.

https://orcid.org/0000-0002-0195-9665

КИМЭП университетінде (Алматы қ.) оқытушы, аға оқытушы және ассистент-профессор ретінде он жылдан астам тәжірибесі бар. Оның оқытушылық және ғылыми-зерттеу қызметі тіл мен қоғамның байланысына және көптілділікке, әсіресе Қазақстан мен Орталық Азияға бағытталған.

 

Ғылыми қызығушылықтары: Тілдік байланыс; тілдік ауысым; тіл саясаты; тілдік идеология; көптілділік.

Дина Калибековна Кучербаева — Гонконг білім беру университетінің PhD дәрежесі және Эдинбург университетінің (Ұлыбритания) қолданбалы лингвистика бойынша магистр дәрежесі бар әлеуметтік лингвист, ассистент-профессор.

https://orcid.org/0000-0003-0981-1048

Қазақстанның мәдени мұрасын зерттеу саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу жобасына қатысты. Сондай-ақ «Жоғары білім беруді жаңғырту жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың оқу процесін ұйымдастыру және сүйемелдеу» және «Ғылыми революциялар теориясын құрудың жаңа тәсілдерін әзірлеу» жобалары бойынша Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының атынан ғылыми сарапшы қызметін атқарды. Ғылыми қызығушылықтары философияны, когнитивтік ғылымдарды, психологияны, әлеуметтік және мәдениеттанулық зерттеулерді, сондай-ақ жоғары білім беру мәселелерін қамтиды.

 

Ғылыми қызығушылықтары: Философия, когнитивтік ғылымдар, жасанды интеллект, психология, әлеуметтік және мәдениеттанулық зерттеулер, жоғары білім беруді жетілдіру.

Асыл Серикович Тулеубеков – қауымдастырылған профессор, 09.00.01 – онтология және таным теориясы мамандығы бойынша философия ғылымдарының кандидаты.

https://orcid.org/0000-0001-6072-1860

Академиялық және кәсіби тәжірибесі 25 жылдан асады, оның ішінде жоғары білім беру саласындағы тәжірибесі 15 жылдан көп. Аударматану, терминология және САТ компьютерлік аударма құралдары пәндерін оқытады,

Магистрлік зерттеулер мен тәжірибелерге жетекшілік етеді. Ұлттық корпус және көптілді салалық терминологияны дамытуға қатысты сараптамалық және жұмыс топтарының белсенді мүшесі. Кәсіби қызметі аударматану, көптілді терминологиялық ресурстар әзірлеу және цифрлық аударма технологияларын енгізу бағыттарын біріктіреді.

 

Ғылыми қызығушылықтары: Аударматану; салалық терминология және көптілді тезаурустар; мультимодальдік; цифрлық және корпустық лингвистика; қолданбалы лингвистика және аударма технологиялары.

Айнұр Толыбайқызы Баекеева — Maqsut Narikbayev University Жоғары гуманитарлық мектебінің Senior Teaching Professor қызметін атқарады.

https://orcid.org/0000-0002-7605-0376

Білім беру саласы бойынша PhD және Nazarbayev University-де көптілді білім беру саласы бойынша үздік магистр дәрежесіне ие. Бұған дейін Назарбаев Зияткерлік мектептері зерттеу департаментінде аға менеджер, сондай-ақ Nazarbayev University-де постдокторант және зерттеуші көмекшісі болған. Академиялық жазу, көптілді білім беру пәндерін оқыту, және жоғары білім беру мен тіл саясатын зерттеу тәжірибесі бар.

 

Ғылыми қызығушылықтары: Жоғары білім беру және интернационалдандыру; білім беру саясатын іске асыру; тіл саясаты және оқыту құралы ретінде ағылшын тілі (EMI); қолданбалы лингвистика; сапалық және сандық зерттеу әдістері

Ақмарал Тайбекқызы Қарабай — Maqsut Narikbayev University Teaching Professor, Astana IT University ассистент-профессоры және Nazarbayev University CARCEIT орталығының зерттеушісі.

https://orcid.org/0000-0002-7707-6164

Nazarbayev University-де білім беру саласы бойынша PhD дәрежесін, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде шетел филологиясы (лингвистика) бойынша магистр дәрежесін алған. 2023–2026 жылдары Nazarbayev University жанындағы CARCEIT орталығында постдокторант-зерттеуші болып, балалар мен студенттердің әл-ауқаты мен психикалық денсаулығын және білім берудегі креативтілікті зерттеген.

MNU-де әлеуметтік ғылымдар мен лингвистикадағы зерттеу әдістерін оқытады, сапалық әдістер, жүйелі шолулар және библиометриялық талдау бойынша тренингтер өткізеді.

 

Ғылыми қызығушылықтары: Білім берудегі креативтілік; университет студенттерінің әл-ауқаты мен психикалық денсаулығы; ерте және мектепке дейінгі жастағы балалардың әл-ауқаты; сапалық және аралас зерттеу әдістері.

Лаура Маратовна Ибраева — Maqsut Narikbayev University Teaching Professor, жоғары оқу орындарында 20 жылдан астам оқыту тәжірибесі бар.

2012 жылдан бері Maqsut Narikbayev University-де аударматану, мәдениетаралық коммуникация және жоғары мектеп педагогикасы пәндерінен сабақ береді. Магистрлік зерттеулерге жетекшілік етеді. Nazarbayev University-де білім беру саласы бойынша PhD дәрежесін алған; аударматану магистрі, ағылшын тілі мұғалімі, құқық бакалавры және CELTA сертификаты бар.

 

Ғылыми қызығушылықтары: Аударматану және аудармашыларды даярлау; жоғары білім беру педагогикасы, саясаты және басқаруы; білім беру зерттеулері; өмір бойы білім алу; мәдениетаралық коммуникация.

Асем Сайлаукуловна Сейтхадырова — жоғары білім беру саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар Teaching Professor, зерттеуші және аудармашы.

https://orcid.org/0000-0002-5525-4919

Оқытушылық тәжірибесі 20 жылды құрайды, оның 16 жылы жоғары білім беру саласында өткен. 2013 жылы Қазақстан-Неміс университетінде қаржы мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін, ал 2017 жылы КИМЭП университетінде TESOL бойынша магистр дәрежесін алды. 2021 жылдан бастап Maqsut Narikbayev University-де жұмыс істейді: алдымен аға оқытушы, кейін Teaching Professor қызметін атқарды. Докторлық зерттеуі білім берудегі инновацияларға, заманауи оқыту тәсілдеріне және «төңкерілген сынып» моделіне арналған. Сонымен қатар аударматану және қолданбалы лингвистика салаларында студенттік зерттеулерге жетекшілік етіп, студенттермен бірлескен зерттеулер жүргізді.

 

Ғылыми қызығушылықтары: Білім берудегі инновациялар; шет тілдерін оқыту әдістемесі; транслингвизм және кодтарды ауыстыру; студенттер мен оқытушылардың зерттеу құзыреттерін дамыту.

Ольга Юрьевна Байнова 2025 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінде білім беру саласы бойынша PhD дәрежесін алды.

https://orcid.org/0000-0001-9092-6656

Негізгі курстары: «Туризм менеджменті», «Тауашалық туризм», «Экотуризм» және «Smart City технологиялары».

Ғылыми қызығушылықтары: Қазақстандағы этнотуризмді дамыту, туризм саласындағы инновациялық басқару тәсілдері, тұрақты туризмді дамыту, soft туризм, туристік нарықтың жоғары мамандандырылған сегменттері, «ақылды» қалалар мен технологиялар.

Мукатова Рабига Аскаровна - «Туристік қызмет: басқарушылық форсайт» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD), Maqsut Narikbayev University Жоғары Гуманитарлық мектебінде Teaching Professor қызметін атқарады.

Ғылыми жарияланымдар

2026

01

Kuchumova, G., Sarsenbayeva, A., & Mukhamejanova, D. (2026). Research methods courses in Kazakhstan’s teacher education: between policy aspirations and practice. European Journal of Teacher Education, 1–23. DOI

02

Kuchumova, G. (2026). Teaching and learning research methodology in the context of doctoral education reforms in Kazakhstan. Journal of Further and Higher Education, 50(6), 1112–1130. DOI

03

Kamalova, A., & Daniyar, M. (2026). A polycentric regime of linguistic legitimacy: Language policy from below in Kazakhstan. Language Policy, 25, Article 47. DOI

04

Kamalova, A. (2026). Reimagining sovereignty: Contemporary resemiotisation of Kazakh opposition leaders online in the shadow of Russian expansionism. Central Asian Survey. Advance online publication. DOI

05

Kucherbayeva, D., & Smagulova, J. (2026). From policy to practice: pragmatic acceptance of translanguaging among secondary school teachers in Kazakhstan. Journal of Pedagogy and Teaching Methods, 75(2), 197–210. DOI

06

Kucherbayeva, D., & Smagulova, J. (2026). Matrix language frame: Analysis of Kazakh-Russian code-switching. Eurasian Journal of Philology. Science and Education, 203(3), 126–139. DOI

07

Kucherbayeva, D. (2026). Language policy reforms in Kazakhstan: an overview of the post-independence period. Adam Alemi, 28(4), 134–145. DOI

08

Bayekeyeva et al. (2026). Sign Language Recognition based on Deep Learning via MediaPipe for people with speech and hearing impairments. Procedia Computer Science. Жарияланымды ашу

09

Hernández-Torrano, D., Ibrayeva, L., Sergazina, M. et al. (2026). What Makes Young Children Happy? Exploring Well-Being Through Children’s Perspectives in Early Childhood Education. Early Childhood Education Journal, 54, 2911–2928. DOI · Google Scholar

2025

01

Mukhamejanova, D., & Ibrayeva, A. (2025). From Cyrillic to Latin: The Western media’s portrayal of the alphabet reform in Kazakhstan. Central Asian Affairs, 12(3–4), 372–394. DOI

02

Mukhamejanova, D., Zhaksybay, M., & Kuchumova, G. (2025). Research-based teacher education in Kazakhstan: student perspectives on educational research methods courses. Journal of Education for Teaching, 51(3), 581–595. DOI

03

Kamalova, A. (2025). Resemiotising globalisation and elitism: English-written neon signs in Kazakhstani coffee shops and on social media. International Journal of the Sociology of Language, 2025(294), 69–97. DOI

04

Kamalova, A. (2025). Speak Kazakh: Language ideologies in Kazakhstan’s social media in times of Russian–Ukrainian war. Journal of Sociolinguistics, 29(3), 182–193. DOI

05

Нуртаев, Е. Р. (2025). Социально-психологическое и лингвистическое влияние коррупции на современное общество Казахстана. Psychology and Cognitive Sciences, 151(2), 144–157. DOI

06

Medeuov, D., Rodionova, K., Sabitov, Z., & Rodionov, A. (2025). Negotiating science funding: The interplay of merit, bias, and administrative discretion in grant allocation in Kazakhstan. PLOS ONE, 20(5), e0318875. DOI

07

Bayekeyeva et al. (2025). Kazakh Text Classification using Deep Learning Approaches. 2025 10th International Conference on Computer Science and Engineering (UBMK). DOI

08

Bayekeyeva et al. (2025). A Corpus-Based Analysis: Kazakh-Russian Grammatical Transformations in Akhmet Baitursynuly’s Translations. Forum for Linguistic Studies. DOI

09

Karabay, A. (2025). Intimate Partner Violence and the Culture of Shame in Kazakhstan: Voices of Survivors and Violence Against Women Professionals. Violence Against Women. DOI: 10778012251384563.

10

Ibrayeva, L. et al. (2025). “Meeting Students’ Needs Matters”: Kazakhstani Teachers’ Beliefs about Developing a Creative Environment. Thinking Skills and Creativity. DOI

11

Amangeldi, A., Seidualin, D., Mukanov, A., Mukatova, R., Bilisbekov, T., & Sagatbayev, Y. (2025). Innovative technologies to improve tourism experience in national parks: development of GIS maps and their value. GeoJournal of Tourism and Geosites, 58(1), 210–224. DOI

2024

01

Kuchumova, G., Kuzhabekova, A., Almukhambetova, A., & Nurpeissova, A. (2024). Women’s science, technology, engineering, and mathematics persistence after university graduation: Insights from Kazakhstan. Journal of Career Development, 51(3), 408–428. DOI · Google Scholar

02

Mukhamejanova, D., & Kuchumova, G. (2024). Faculty perspectives on the changing research and teaching career tracks of academics at private universities in Kazakhstan. Studies in Higher Education, 50(12), 2700–2715. DOI

03

Jonbekova, D., Mukhamejanova, D., Sparks, J., & Sarsenbayeva, A. (2024). Enhancing Students’ Employability through University–Industry Partnerships in Kazakhstan. Higher Education Policy, 1–19. DOI

04

Kamalova, A. (2024). It’s your fault: A critical discourse analysis of narratives surrounding gender-based violence in a Russian talk show. Language, Culture and Society, 6(2), 190–222. DOI

05

Kamalova, A. (2024). You’re a murderer: Critical discourse analysis of conversations around abortions in the Russian talk show. Discourse & Society, 35(2), 194–222. DOI

06

Karabay, A. (2024). The Evolution of English Medium Instruction Research in Higher Education: A Bibliometric Study. Education Sciences. DOI

07

Karabay, A. (2024). Lessons Learned from the Experiences of Domestic Violence Service Providers in Times of Crisis: Insights from a Central Asian Country. International Journal of Environmental Research and Public Health. DOI

08

Mukatova, R., Kulcsár, N., & Tleubayeva, A. (2024). Residents’ attitude towards ethno-tourism in Ulytau, Kazakhstan. GeoJournal of Tourism and Geosites, 52(1), 77–84. DOI

2023

01

Mukhamejanova, D., & Konurbayeva, Z. (2023). Diaspora engagement and return migration for educational purposes in Estonia and Kazakhstan. International Journal of Comparative Education and Development, 25(2), 123–135. DOI

02

Rodionov, A., Sabitov, Z., Gainous, J., Wagner, K., Bekmagambetov, A., & Rodionova, K. (2023). The feminization of political science in Kazakhstan: A leaky pipeline? Europe-Asia Studies, 75(1), 110–130. DOI

03

Kucherbayeva, D., & Smagulova, J. (2023). Language Revitalization: Challenges for Kazakh in Higher Education. Journal of Eurasian Studies, 14(2), 166–178. DOI

04

Bayekeyeva, A., Seitkhadyrova, A., & Koigeldiyeva, A. (2023). Product-based research in translation studies: Approaches and methodologies. In Current Problems of Science and Education in the Context of Global Changes: Proceedings of the X International Scientific and Practical Conference (Vol. 1, pp. 291–295). Polilingva. ISBN 978-601-270-603-1; ISBN 978-601-270-605-5.

2022

01

Bayekeyeva, A. T. (2022). Developing an Online Kazakh-English-Russian Thesaurus of Industry-Specific Terminology. International Journal of Society, Culture & Language, 10(1), 84–98. DOI

02

Ibrayeva, L. et al. (2022). “Thinking outside the Yurt”: Kazakhstani upper secondary school teachers’ beliefs about the nature of creativity and creative students. Thinking Skills and Creativity, 46, 101176. DOI

03

Durrani, N., CohenMiller, A., Kataeva, Z., Bekzhanova, Z., Seitkhadyrova, A., & Badanova, A. (2022). The fearful khan and the delightful beauties: The construction of gender in secondary school textbooks in Kazakhstan. International Journal of Educational Development, 88, Article 102508. DOI

04

Mukatova, R., Mussina, K., & Rodríguez, M. (2022). Scientific Approaches to the Definition of Ethno-Tourism Concept. Eurasian Journal of Economic and Business Studies, 65(3), 47–59. DOI

2021

01

Hernández-Torrano, D., Ibrayeva, L., Muratkyzy, A., Lim, N., Nurtayev, Y., Almukhambetova, A., Clementi, A., & Sparks, J. (2021). Validation of a Kazakhstani Version of the Mental Health Continuum—Short Form. Frontiers in Psychology, 12, 754236. DOI

02

Rodionov, A., Medeuov, D., & Rodionova, K. (2021). Global connectedness of local NGOs: Do different types of funding create barriers for cooperation? Theory and Society, 50(3), 393–416. DOI

03

Kucherbayeva, D., & Smagulova, J. (2021). Критический дискурс-анализ языка вражды [Critical discourse analysis of hate language]. В издании «Мониторинг языка вражды в социальных сетях в Казахстане». Алматы: МЦЖ Medianet.

04

Bayekeyeva, A. T. (2021). Controlled Multilingual Thesauri for Kazakh Industry-Specific Terms. Social Inclusion, 9(1), 35–44. DOI

05

Bayekeyeva, A. T. (2021). Kazakh Anthroponyms Derived from Metal and Mineral Terms. Turkic Languages, 25(1), 26–40. DOI

2020

01

Hernández-Torrano, D., Ibrayeva, L., Sparks, J., Lim, N., Clementi, A., Almukhambetova, A., Nurtayev, Y., & Muratkyzy, A. (2020). Mental Health and Well-Being of University Students: A Bibliometric Mapping of the Literature. Frontiers in Psychology, 11, 1226. DOI

2017

01

Тесленко, А. Н., Ибраева, А. Б., Ракишева, А. Ш., & Кулжабаева, Ж. О. (2017). Двудипломное образование в Казахстане как условие академической мобильности студентов и преподавателей. Социологические исследования, (6), 138–142. DOI

2016

01

Yemelyanova, Y. V., Avazbakiyeva, F. R., Ibrayeva, A. B., & Aikenova, A. Z. (2016). The necessity of English for specific purposes at the law universities of the Republic of Kazakhstan. International Review of Management and Marketing, 6(3S), 9–16. Открыть публикацию

2014

01

Ibrayeva, A. B., Omarova, K. S., Urazbayeva, S. A., Sarsembayeva, A. B., & Sakenov, J. Z. (2014). Pedagogical conditions of formation of students research culture (linguistic aspect). Life Science Journal, 11(5s), 272–275. Открыть PDF

2013

01

Ibrayeva, A. B., Kulzhabaeva, Zh. O., & Rakisheva, A. Sh. (2013). Development of double-diploma education in the Republic of Kazakhstan: Problems and perspectives. World Applied Sciences Journal, 27, 105–109. DOI

Қосымша ақпарат және жарияланымдар

Scopus дерекқорында индекстелетін мақалалар

01

Tuleubekov, A., Doskozhanova, A., & Nurysheva, G. (2016). State Policy as Virtue in Doctrines of Plato and Al-Farabi. Man In India, 96(7), 1979–1993. Scopus Database.

02

Altayev, Zh., Tuleubekov, A., Doskozhanova, A., & Massalimova, A. (2020). Essence and Typology of Intellect in al-Farabi’s Epistemology. Bilig, 95, 79–95. Scopus Database.

03

Tuleubekov, A., Doskozhanova, A., & Ipalakova, M. (2024). Natural (Human) Consciousness and Artificial Intelligence: Philosophical Analysis. CEUR Workshop Proceedings, 3680. Scopus Database.

Жариялануы жоспарланған еңбектер

01

Akhmetzhanova, D., & Seitkhadyrova, A. (forthcoming, 2026). AI and the transformation of university work processes: Faculty perspectives from a Kazakhstani university. In T. Charles (Ed.), English Language Teaching and AI in Central Asia: Policies, Practices and Prospects. Emerald Publishing. DOI not provided.

02

Aikenova, A., Samarkhan, A., Kachan, O., & Bainova, O. (in press, 2027). Integrating AI into English language teaching in Kazakhstan: A case study of pedagogical opportunities, ethical concerns, and teacher agency. In C. Tendai (Ed.), English Language Teaching and AI in Central Asia: Policies, Practices and Prospects (Chapter 6). Emerald Publishing.

Ағымдағы жобалар

Этнографическое исследование трёхъязычия в Казахстане
Жоба атауы Іске асыру мерзімі

Қысқаша сипаттама / Зерттеушілер

Сілтеме
Этнографическое исследование трёхъязычия в Казахстане Approved 24.08.2026 Алина Камалова (Исследование повседневных практик трёхъязычия.) —

Аяқталған жобалар

Research Capacity Development in Teacher Education in Kazakhstan
Жоба атауы Іске асыру мерзімі Қысқаша сипаттама / Зерттеушілер Ақпарат
Research Capacity Development in Teacher Education in Kazakhstan 2023–2025 Gulfiya Kuchumova (PI); Dinara Mukhamejanova (Co-PI). Research methods training and capacity building in teacher education. Project description (PDF)
Academic Promotion and Remuneration Policies at Private Higher Education Institutions in Kazakhstan
Жоба атауы Іске асыру мерзімі Қысқаша сипаттама / Зерттеушілер Ақпарат
Academic Promotion and Remuneration Policies at Private Higher Education Institutions in Kazakhstan 2023 Zumrad Kataeva (PI); Dinara Mukhamejanova (Co-PI); Gulfiya Kuchumova. Academic careers, promotion, remuneration and professional identity. Research project — CARCEIT
Роль купечества в трансформации социокультурного пространства Казахстана
Жоба атауы Іске асыру мерзімі Қысқаша сипаттама / Зерттеушілер Ақпарат
Роль купечества в трансформации социокультурного пространства Казахстана 2022–2024 Лепуда Мукатаева. Историческая роль купечества в экономической, политической и культурной жизни Казахстана. НЦГНТЭ
Культурная среда исторического города: трансформация казахстанского урбан-пространства
Жоба атауы Іске асыру мерзімі Қысқаша сипаттама / Зерттеушілер Ақпарат
Культурная среда исторического города: трансформация казахстанского урбан-пространства 2020–2022 Жаслан Нурбаев; Лепуда Мукатаева. Историческое городское пространство и культурные изменения. —
Социально-психологические особенности восприятия внешних и внутренних мигрантов
Жоба атауы Іске асыру мерзімі Қысқаша сипаттама / Зерттеушілер Ақпарат
Социально-психологические особенности восприятия внешних и внутренних мигрантов 2023–2025 Адиль Самекин. Установки принимающего общества, стереотипы, угрозы и выгоды, межгрупповое восприятие мигрантов. НЦГНТЭ

Research Talks

Семинар тақырыбы Күні Спикерлер Сілтеме
Systematic Literature Reviews: Methods, Tools, & Practices 19.10.2026 Laura Ibrayeva
Teaching Professor, PhD in Education; Maqsut Narikbayev University
—
Quantitative Research Methods: Insights from Empirical Research 21.10.2026 Sanat Kozhakhmet
Senior Lecturer in Leadership and Talent Management; Oxford Brookes Business School
—
From Research Idea to Final Paper: Effective Supervision of Undergraduate Senior Projects 30.10.2026 Olga Bainova
Teaching Professor; PhD in Education; MA in TESOL
—
Shala Qazaq, Language Ideologies, and Transnational Kazakh Families in the United States 02.11.2026 Munira Kairat
PhD Candidate; University of California, Santa Barbara
—
От текста к данным: введение в обработку естественного языка (NLP) 12.11.2026 Adil Rodionov
Associate Professor of Sociology at Maqsut Narikbayev University.
—
Researching Language and Identity 20.11.2026
19:30
Karen Forbes
Associate Professor in Second Language Education; University of Cambridge
—
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз