Оқулық ҚР-да әкімшілік сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мен жүзеге асырудың негізгі мәселелері ашылатын бірінші оқу өнімі болады. Оқырмандарға әкімшілік соттардың юрисдикциясын айқындауға, әкімшілік талап-арыздардың түрлеріне, оларды әкімшілік соттардың қарау тәртібіне байланысты сұрақтарға жауаптар ұсынылатын болады. Сонымен қатар, оқулықта басқа елдердің әкімшілік соттарының тәжірибесіне баса назар аударылады.