Canvas LMS-де: – оқытушы міндетті түрде электрондық курсты жүктейді (оқытудан күтілетін нәтижелерді, академиялық курсты бағалау критерийлерін, оқу материалдарын, тапсырмаларды орындағаны үшін бағалаудың салмақтық коэффициентін бөлуді қамтитын силлабус және т. б.), білім алушылардың жүктелген жұмыстарын, оның ішінде «Turnitin» антиплагиат жүйесі арқылы тексереді, оқу үлгерімі мен сабаққа қатысу есебін жүргізеді, білім алушылармен хат алмасуды жүргізеді және т. б.; – білім алушы силлабусқа, оқу материалдарына қол жеткізе алады, үлгерім журналын, күнтізбені және басқа да материалдарды қарайды, оқытушымен хат алмасады, орындалған жұмыстарды тапсырады және т. б.
Canvas Student қосымшасын жүктеу:
Platonus ААЖ – білім алушы пәндерге тіркелетін, оқу сабақтарының кестесін, жеке оқу жоспарын, транскриптін, университет алдындағы қаржылық міндеттемелерін, академиялық берешектерін қарайтын платформа.
platonus.mnu.kzPlatonus ААЖ логинін және/немесе паролін алу немесе қалпына келтіру үшін почтасына сұрау жолдаңыз.
registrar@mnu.kzКорпоративтік пошта (Outlook) Maqsut Narıkbayev Unıversıty-де ресми қарым-қатынас құралы болып табылады. Білім алушыларға ақпараттық жүйелердегі кіріс поштасы мен хабарламаларын жүйелі түрде тексеруге кеңес береміз. Әкімшілік немесе оқытушы жіберген ақпарат пен хабарламалар студенттер қабылдаған және оқыған деп есептеледі.
Корпоративтік поштаның логинін және/немесе құпия сөзін алу немесе қалпына келтіру үшін мына мекенжайға сұрау жіберіңіз:
registrar@mnu.kzБілім алушылардың барлық ресми өтініштері, анықтама, транскрипттер алу үшін өтінімдер Smart MNU мобильді қосымшасы немесе оның веб-нұсқасы арқылы беріледі.
smart.kazguu.kzОл қалай орындалады: 1. Smart MNU мобильді қосымшасын App Store немесе Play Market-тен жүктеп алыңыз, Platonus ААЖ/ Canvas LMS логині мен паролі арқылы авторизациядан өтіңіз. 2. Бейнежазбаны қараңыз: