Тыңдаушылар

MNU-де курстарды тыңдауға ниет білдірген тұлға барлық талап етілетін құжаттарды ұсынуға және рұқсат алу үшін тиісті мектептің Академиялық сапа комитетіне академиялық кезеңнің басталуына дейін кемінде 5 жұмыс күні бұрын өтініш беруі тиіс.

 

Академиялық сапа комитетінің рұқсатын алғаннан кейін шарт жасасуға және академиялық кезеңде оқуға жоспарланған кредиттердің саны үшін толық ақысын енгізуі тиіс. Оқу ақысы ағымдағы оқу жылына Қызметтердің құны тізіліміне сәйкес енгізіледі.

 

Курс аяқталған соң оқу нәтижелері Академиялық сапа комитетінің отырысында бекітіледі. Тыңдаушыларға академиялық дәреже берілмейді, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом берілмейді.

 

Тыңдаушылар Академиялық сапа комитеті ұсынған кредиттердің санына тіркеле алады.

 

Тыңдаушылар (non-degree) пәндер мен бағдарламалардың барлық талаптарын орындауға және ағымдағы оқу жылы ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің талаптарына сәйкес студенттер мен магистранттар құрамына қабылдану үшін қабылдау сынақтарын тапсыруға міндетті.

 

Оқуға тыңдаушыларды (non-degree) және «Жоғары сынып (10 -11-сынып) оқушыларына арналған бакалавриат» бағдарламасының тыңдаушыларын (Provisional Program) қабылдауға қойылатын талаптар MNU Білім алушыларды қабылдау саясатымен реттеледі.

Құжаттар

Тыңдаушы ретінде (non-degree) пәнді оқуға жіберілген тұлғаның төмендегі құжаттары болуы қажет:

  • -жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік білімі туралы құжат (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), жартылай орта немесе жоғары (жоғары кәсіптік) білімі туралы құжат (түпнұсқасы);
  • -Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырғаны туралы қолданыстағы сертификат (бакалавриат) немесе түсу сынақтарының нәтижелері (магистратура);
  • -3×4 өлшеміндегі 6 дана сурет, оның 1200х1600 пиксельден төмен емес электронды түрі;
  • -086-У медициналық анықтамасы (флюорографиялық суретті, егу картасының көшірмесін міндетті түрде тіркеңіз);
  • -KEPT нәтижесі немесе ағылшын тілін меңгеру деңгейін дәлелдейтін халықаралық сертификат;
  • -ҚЖМ, ХЭМ, ЖГМ және ХЖМ-ға оқуға түсушілерді қабылдау жөніндегі Жоғары Мектеп комиссиясының хаттамасы (болған жағдайда);
  • -жеке куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі, туу туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі, өкілдің жеке куәлігінің көшірмесі (егер оқуға түсуші кәмелетке толмаған болса);
  • -тіркеу куәлігінің немесе әскери билетінің көшірмесі (күндізгі оқу бөліміне түсетін жасөспірім ер балалар үшін).

Құжаттарды қабылдау мерзімі

Университеттегі курстарды тыңдағысы келетін тұлға MNU білім алушыларды қабылдау саясатының 6-тармағына сәйкес барлық талап етілетін құжаттарды ұсынуы (2020 жылы жоғары білімнің (бакалавриат) және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің (магистратура, докторантура) кәсіптік оқу бағдарламаларына «M.S.Narıkbaev atyndaġy KAZGUU Unıversıteti» АҚ оқуға қабылдау қағидалары) және рұқсат алу үшін тиісті мектептің Академиялық сапа комитетіне академиялық кезеңнің басталуына дейін кемінде 5 жұмыс күні бұрын өтініш жазуы тиіс. Тыңдаушыларға (non-degree) пәндерді меңгеруге рұқсат беру Жоғары мектептердің Академиялық сапа комитеттерінің шешімі негізінде Провосттың бұйрығымен жүзеге асырылады.

 

Қабылдау саясатын сілтеме арқылы таныса аласыз.

Жаңадан қабылданған өтініш берушіге не істеу керек

  1. Қабылдау комиссиясына қажетті құжаттарды тапсыру;
  2. Корпоративтік поштаның логині мен паролін алу;
  3. Құжаттарды тексеріп, қабылдау комиссиясының менеджері мақұлдағаннан кейін эдвайзерге (бакалавриат) немесе менеджерге (магистратура) хабарласу, академиялық кезеңде оқуға арналған пәндер тізімін анықтау;
  4. Рұқсат алу үшін академиялық кезең басталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей Жоғары Мектептің Академиялық сапа комитетіне корпоративтік пошта арқылы өтініш жазу;
  5. Академиялық сапа жөніндегі комитеттің рұқсатын алғаннан кейін:
  • -келісімшартқа қол қою;
  • -көктемгі семестрде оқуға жоспарланған академиялық кредиттер саны үшін толық төлем жасау (оқу ақысы ағымдағы оқу жылына қызметтердің құны тізіліміне сәйкес енгізіледі);
  • -эдвайзерден сабақ кестесін алу;
  • -Canvas LMS-тегі пәндерге тіркелу мүмкіндігінің болуын тексеру (Академиялық сапа жөніндегі комитеттің шешіміне сәйкес).
  1. Пәндер бойынша тіркеуді менеджер Академиялық сапа комитетінің шешіміне сәйкес Canvas LMS-те жүргізеді.

 

Тыңдаушыларға (non-degree) арналған тіркеу саясатының ерекше талаптары Академиялық саясатта және Жоғары Мектеп каталогтарында жазылған.

Келесі академиялық кезеңде оқуды жалғастырғысы келетін тыңдаушыға (non-degree) не істеу керек

  1. Академиялық кезең басталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей рұқсат алу үшін Жоғары Мектептің Академиялық сапа комитетіне корпоративтік пошта арқылы өтініш жазу;
  2. Академиялық сапа жөніндегі комитеттің рұқсатын алғаннан кейін:
  • -келісімшартқа қосымша келісім жасау;
  • -семестрде оқуға жоспарланған академиялық кредиттер саны үшін толық төлем жасау (оқу ақысы ағымдағы оқу жылына арналған қызметтер құнының тізіліміне сәйкес енгізіледі);
  • -эдвайзерден Canvas LMS және корпоративтік поштаның логині мен паролін, оқу сабақтарының кестесін алу;
  • -Canvas LMS-те пәндерге тіркелгенін тексеру (Академиялық сапа жөніндегі комитеттің шешіміне сәйкес).
  1. Пәндер бойынша тіркеуді менеджер Академиялық сапа комитетінің шешіміне сәйкес Canvas LMS-те жүргізеді.

 

Тыңдаушыларға (non-degree) арналған тіркеу саясатының ерекше талаптары Академиялық саясатта және Жоғары Мектеп каталогтарында жазылған.

Құжаттар

Тыңдаушы ретінде пәнді оқуға жіберілген тұлғаның (пре-бакалавриат) төмендегі құжаттары болуы қажет:

  • -3×4 өлшеміндегі 6 дана сурет, оның 1200х1600 пиксельден төмен емес электронды түрі;
  • -086-У медициналық анықтамасы (флюорографиялық суретті, егу картасының көшірмесін міндетті түрде тіркеңіз);
  • -жеке куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі, туу туралы куәліктің түпнұсқасы және көшірмесі, өкілдің жеке куәлігінің көшірмесі (егер оқуға түсуші кәмелетке толмаған болса);тіркеу куәлігінің немесе әскери билетінің көшірмесі (күндізгі оқу бөліміне түсетін жасөспірім ер балалар үшін).

Құжаттарды тапсыру мерзімі

Университеттегі курстарды тыңдағысы келетін тұлға барлық талап етілетін құжаттарды Жоғары Гуманитарлық Мектебінің ішкі істер жөніндегі менеджеріне ұсынуы, рұқсат алу үшін академиялық кезең басталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті мектептің Академиялық сапа комитетіне өтініш жазуы тиіс. Тыңдаушыларға (пре-бакалавриат) пәндерді меңгеруге рұқсат беру Жоғары Гуманитарлық Мектебінің Академиялық сапа комитетінің шешімі негізінде Провосттың бұйрығымен жүзеге асырылады.

Жаңадан қабылданған өтініш берушіге не істеу керек (пре-бакалавриат бағдарламасы)

      1. Жоғары Гуманитарлық мектебінің ішкі істер жөніндегі менеджеріне қажетті құжаттарды ұсыну;

      2. Құжаттарды тексергеннен кейін Жоғары Гуманитарлық мектебінің ішкі істер жөніндегі менеджері өтініш берушімен және оның заңды өкілімен (егер оқуға түсуші кәмелетке толмаған болса) бірге академиялық кезеңде оқуға арналған пәндер тізбесін айқындайды;

      3. Жоғары Гуманитарлық мектебінің ішкі істер жөніндегі менеджері өтініш берушінің өтініші мен құжаттарын академиялық сапа комитетіне жібереді;

Академиялық сапа жөніндегі комитеттің рұқсатын алғаннан кейін өтініш беруші:

  • -шарт жасауы;
  • -семестрде оқуға жоспарланған академиялық кредиттер саны үшін толық төлем жасауы (оқу ақысы ағымдағы оқу жылына арналған қызметтер құнының тізіліміне сәйкес енгізіледі);
  • -Canvas LMS-те пәндерге тіркелгенін тексеруі (Академиялық сапа жөніндегі комитеттің шешіміне сәйкес);
  • -Жоғары Гуманитарлық Мектебінің ішкі істер жөніндегі менеджерінен Canvas LMS-тің және корпоративтік поштаның логині мен паролін, оқу кестесін алуы тиіс.
  1. Пәндер бойынша тіркеуді менеджер Академиялық сапа комитетінің шешіміне сәйкес Canvas LMS-те жүргізеді.

Академиялық кредиттерді қайта есептеу

Академиялық сапа комитетінің шешімі бойынша кредиттер қайта саналуы мүмкін:

  • -студенттер қатарына қабылданған кезде бакалавриат білім беру бағдарламасының пәндерін 35-тен артық емес ECTS меңгерген «Жоғары сынып оқушыларына арналған бакалавриат» (Provisional Program) бағдарламасының тыңдаушыларына;
  • -бакалавриат немесе магистратура білім беру бағдарламаларының пәндерін меңгерген тыңдаушыларға (non-degree) студенттер немесе магистранттар құрамына қабылдау кезінде («тыңдаушы (non-degree)» мәртебесінде болу мерзімі 3 жылдан аспайды).

 

Пәндердің тізімі және кредиттерді қайта санауға қойылатын талаптар Жоғары Мектептердің академиялық каталогтарында қарастырылады.

Оқу ақысы

  1. Академиялық кезеңде оқу үшін ақы төлеу оқуға жоспарланған академиялық кредиттер санына қарай жүргізіледі;
  2. Төлем университеттің шотына үш банктік күн ішінде түседі;
  3. Онлайн-төлем бойынша деректемелер мен нұсқаулық сілтеме бойынша көрсетілген;
  4. Оқу ақысын төлеу бойынша кеңесті корпоративтік пошта бойынша бухгалтерден алуға болады a_bekova@kazguu.kz.

Байланыстар

Сізге кеңес беретін барлық менеджерлер мен эдвайзерлердің байланыстарын сілтеме арқылы таба аласыз.

 

Тіркеу кеңсесінің байланыстары

+7 (7172) 70 28 54 registrar@mnu.kz