MNU Logo

Халықаралық журналистика мектебінің мансап орталығы

Халықаралық журналистика мектебінің тәжірибе, мансап және жұмыспен қамту орталығының парақшасына қош келдіңіз!

Біз – академиялық білім мен медиа әлемі арасындағы сенімді көпірміз.

Басты мақсатымыз – «Журналистика: аналитика және зерттеу» мен «Халықаралық журналистика» бағдарламаларының студенттеріне мамандық әлеміне сенімді қадам жасап, сұранысқа ие маманға айналуға көмектесу.

Біз тәжірибелі оқытушылармен, жетекші бұқаралық ақпарат құралдарымен, мектептің серіктестерімен және жұмыс берушілермен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Бұл сізге мансап жолының әр кезеңінде жан-жақты қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Біздің міндетіміз – студенттерге болашағын ерте кезеңнен бастап жоспарлауға көмектесу.

 

Біз туралы: Журналистика әлеміне апарар жолсерігіңіз

Тәжірибе, мансап және жұмыспен қамту орталығы – Maqsut Narikbayev University жанындағы Халықаралық журналистика мектебінің негізгі құрылымдық бөлімшелерінің бірі.

Орталықтың менеджерлері студенттер мен түлектерді сүйемелдеп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады:

  • Кәсіби даму: журналистке қажет негізгі дағдыларды 1-курстан бастап дамытыңыз.
  • Тәжірибе мен портфолио: нақты медиажобаларда тәжірибе жинап, кәсіби байланыстар орнатыңыз.
  • Жұмысқа сәтті орналасу: практика кезінде өзіңізді көрсете біліңіз және мектептің кең серіктестік желісі мен қолдауының арқасында табысты мансап құрыңыз.

 

Біз қалай көмектесеміз?
Біздің басты бағыттарымыз:

  • Тәжірибені ұйымдастыру: жетекші медиа ұйымдармен келісімшарт жасап, тәжірибеден өту процесін үйлестіреміз. Бұл сізге барынша пайдалы тәжірибе жинауға мүмкіндік береді.
  • Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу: мемлекеттік құрылымдармен, жұмыспен қамту қызметтерімен және жұмыс берушілермен ынтымақтаса отырып, түлектерге жұмыс табуға көмектесетін жүйені дамытып жатырмыз.
  • Вакансиялар мен тағылымдамалар базасы: серіктестерімізден келіп түсетін өзекті жұмыс пен тағылымдама ұсыныстарын қамтитын электронды базаны үнемі жаңартып отырамыз.
  • Карьераға бағытталған тренингтер: бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін, карьера күндерін, медиакомпаниялардың таныстырылымдарын, тренингтер мен шеберлік сабақтарын ұйымдастырамыз. Бұл шаралар барысында сіз әлеуетті жұмыс берушілермен тікелей тілдесе аласыз.
  • Студенттік еріктілерді қолдау: медиа мен PR салаларында құнды тәжірибе жинап, пайдалы байланыстар орнатуға және өзіңізді көрсетуге мүмкіндік беретін волонтерлік жобаларды дамытамыз.
  • Еңбек нарығына талдау: жұмыс берушілердің талаптарын үнемі зерттеп, түлектердің жұмысқа орналасу статистикасын бақылау арқылы білім беру бағдарламаларымызды нарықтың сұранысына сәйкестендіріп отырамыз.

 

Біздің серіктестеріміз
Біз Қазақстан мен әлемнің жетекші медиакомпанияларымен және ұйымдарымен ынтымақтастығымызды мақтан тұтамыз. Олар біздің студенттерге тәжірибеден өту және жұмысқа орналасу үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Басты серіктестеріміз қатарында:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені: «ҚазАқпарат», «Jibek Joly TV / Silk Way», «Центр документального кино»
  • Халықаралық медиа: Al Jazeera Media Network, Euronews, CGTN/CCTV
  • Мемлекеттік құрылымдар: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
  • Ірі медиахолдингтер мен телеарналар: «Effective Media Liaison» (Tengri News), «Хабар» Агенттігі, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы, «BES.media Ltd.», «Астана қаласы Телевидениесі» (Astana TV) , «Atameken Business» телеарнасы, “ЕВРАЗИЯ+ОРТ”, «Байтерек-Медиа» (We Project) ,  «KAZMEDIA HOLDING» (National Geographic) және басқа да ұйымдар
  • Баспа басылымдары мен ақпарат агенттіктері: «Media-Astana» (The Astana Times интернет-журналы), «АЙҚЫН-ЛИТЕР» (“Aiqyn”, “Литер”, “Túrkistan” газеттері мен сайттары), «ELORDA AQPARAT» , «Вечерняя Астана» қоғамдық-саяси газеті, «Астана ақшамы»,“ELORDA INFO” сайты, «Қазақ газеттері»: “Егемен Қазақстан”, “Казахстанская правда”, “Ана тілі”, “Ақиқат”, “Мысль”, “Теңге монитор”, “Ұйғыр авази”, “Үркер”, “Ақжелкен”, “Балдырған”, “Ұлан”, “Дружные ребята”
  • Радиостанциялар: «Қазақ радиолары»: Qazaq radiosy, Astana radiosy, Shalqar radiosy, Classic radiosy
  • Креативті агенттіктер мен продакшн студиялар: “SDR Communications” (Travel Press, Urban Expert), “Black and White Production”, “DauInvest”, “Beyond Agency”
  • Қоғамдық ұйымдар:«Солтүстік Қазақстан құқықтық медиа орталығы» қоғамдық қоры, «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі
  • Қалалық құрылымдар: Астана қаласы коммуникациялар қызметі
Жұмыспен қамту
Студенттер мен түлектерді жұмыспен қамту және мансапты дамытуға көмек көрсету
Тәжірибе
Оқу практикасы және диплом алдындағы практиканы өткізуге жәрдемдесу
МО қызметтері
Сұхбаттан өтуге мотивациялық хаттың тартымды түйіндемесін (CV) жазу бойынша кеңес беру және дайындау

ХЖМ МЖҚО міндеттері

  • Студенттер үшін практика негізі болатын кәсіпорындардың (ұйымдардың, мекемелердің) басшыларымен ішкі құжаттаманы жүргізу және шарттар жасасу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  • Жұмыспен қамту саласындағы мақсаттарды іске асыру үшін тиімді жүйені құруға бағытталған қызметті жүзеге асыру;
  • Түлектерді тиімді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу үшін билік органдарымен, оның ішінде аумақтық мемлекеттік қызмет, Халықты жұмыспен қамту органдарымен, білім беру, жастар саясаты бөлімдерімен, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен және олардың бірлестіктерімен, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасау;
  • Түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында электрондық банктің сайтында білім беру бағдарламаларының тиісті бағыттары бойынша жұмыс берушілер ұсынатын бос жұмыс орындарын құру және орналастыру;
  • Жұмыс берушілермен ынтымақтастық -студенттерді жұмысқа орналасу кезінде табысқа жету технологияларына және заманауи бәсекеге қабілетті маманның кәсіби мансаптық дағдыларына, жұмысқа қабылдау кезінде өзін-өзі тиімді таныстыру әдістеріне, түйіндеме жасау және жұмыс берушімен әңгімелесуден өту қағидаларына оқыту бойынша науқан өткізу;
  • Студенттер мен түлектерге болашақ жұмыс орнын анықтауға көмектесетін әлеуетті жұмыс берушілердің қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру: Бос орындар жәрмеңкелері, мансап күндері, тренингтер, жұмыс берушілердің презентациялары және т. б;
  • Жұмыс берушінің сұрауы бойынша сұхбаттасу, тағылымдамадан өтуге үміткерлерді іріктеу және бос лауазымдарға іріктеу жүргізу;
  • Студенттер, университет түлектері және жұмыс беруші ұйымдар арасында тікелей байланыс орнату;
  • Мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың және коммерциялық компаниялардың өзара іс-қимылына негізделген еріктілер жүйесінің дамудың тиімді жүйесінің жұмыс істеуіне жәрдемдесу;
  • Жұмыс берушілердің бакалавриат бағдарламалары бойынша білім алатын мамандардың кәсіби құзыреттеріне қойылатын өзгермелі талаптарын анықтау мақсатында еңбек нарығына талдау және мониторинг жүргізу, түлектерді жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмыс нәтижелері туралы ақпаратты жинау, тіркеу және қорытындылау.

ХЖМ Мансап және жұмыспен қамту орталығы туралы ереже

Файлды қарау

Мансап орталығының қызметкерлері

Гаухар Нұрсейіт
Халықаралық журналистика мектебі Мансап орталығының менеджері
233
nurseiit_gauhar@mnu.kz

Байланыс

Орналасқан жері

MNU университеті, №340 кеңсе

Телефон

+7 (7172) 70 28 37

E-mail

careercenter_isj@kazguu.kz

Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз