MNU Logo

Құқық жоғары мектебінің мансап және жұмыспен қамту орталығы

Құқық жоғары мектебінің (ҚЖМ) мансап орталығының басты мақсаты – түлектерді қазіргі таңда және болашақта сапалы әрі сандық тұрғыдан жұмыспен қамту.

Мансап орталығының негізгі міндеттері – жұмыспен қамту бойынша тікелей  жұмыс жүргізу және студенттердің еңбек нарығындағы тартымдылығын арттыру.

Жұмыспен қамту
Студенттер мен түлектерге жұмысқа орналасуға және мансапты дамытуға көмек көрсету
Практика
Оқу және диплом алдындағы практиканы өткізуге жәрдемдесу
Бизнес Кеңес
Бизнес кеңес-бұл ҚЖМ стратегиясы мен мектептің дамуына жауап беретін ұйымдық құрылымдағы ресми орган
МЖҚО қызметтері
Сұхбаттан өтуге мотивациялық хаттың тартымды түйіндемесін (CV) жазу бойынша кеңес беру және дайындау

ҚЖМ МЖҚО міндеттері

  • Студенттер үшін практика базасы ретінде әрекет ететін кәсіпорындардың (ұйымдардың, мекемелердің) басшыларымен ішкі құжаттаманы жүргізу және шарттар жасасу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  • Жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстарды тиімді жүргізу жүйесін құруға бағытталған қызметті жүзеге асыру;
  • Түлектерді тиімді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу үшін билік органдарымен, оның ішінде аумақтық мемлекеттік қызмет, халықты жұмыспен қамту органдарымен, білім беру, жастар саясаты бөлімдерімен, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен және олардың бірлестіктерімен, жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасау;
  • Даярлаудың тиісті бағыттары (мамандықтары) бойынша жұмыс берушілер ұсынатын түлектерді жұмысқа орналастыру үшін бос жұмыс орындарының электрондық банкін құру және сайтта орналастыру;
  • Жұмыс беруші - кампаниялармен бірлесіп студенттерге жұмысқа орналасуда табысқа жету технологияларын және қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті маманның кәсіби мансап дағдыларын, жұмысқа орналасу кезінде өзін-өзі тиімді таныстыру тәсілдерін, түйіндеме жасау қағидаларын және жұмыс берушімен әңгімелесуден өту қағидаларын үйрету;
  • Студенттер мен түлектерге болашақ еңбек қызметін анықтауға ықпал ететін әлеуетті жұмыс берушілердің қатысуымен іс-шаралар өткізу: жұмыс орындары жәрмеңкелері, мансап күндері, тренингтер, жұмыс берушілердің презентациялары және т. б.;
  • Сұхбат жүргізу, практикадан өту үшін кандидаттарды іріктеу, сондай-ақ жұмыс берушінің сұрауы бойынша бос лауазымдарға орналасу үшін кадрларды іріктеу;
  • Студенттер, университет түлектері және жұмыс беруші ұйымдар арасында тікелей байланыс орнату;
  • Мемлекеттік органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың және коммерциялық компаниялардың өзара іс-қимылына негізделген волонтерлікті дамыту мен қолдаудың тиімді жүйесінің жұмыс істеуіне жәрдемдесу;
  • Жұмыс берушілердің бакалавриат бағыттары бойынша іске асырылатын мамандардың кәсіби құзыреттеріне қойылатын өзгермелі талаптарын анықтау тұрғысынан еңбек нарығына талдау және мониторинг жүргізу, түлектерді жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмыс нәтижелері туралы ақпаратты жинау, есепке алу және қорыту.

Мансап және жұмыспен қамту орталығы туралы ереже

Файлды қарау

ҚЖМ Мансап және жұмыспен қамту орталығы

Мансап орталығының ұжымы

Рахимбеков Кайрат Елимесович
Мансап және жұмыспен қамту орталығының
"Құқық және құқық қорғау қызметі" ББ (қазақ және орыс бөлімшесі) бойынша менеджері
351 кеңсе
k_rahimbekov@kazguu.kz
Оспанова Аруана Рахатқызы
Мансап және жұмыспен қамту орталығының
"Құқықтану" ББ (қазақ бөлімшесі) бойынша менеджері
351 кеңсе
ar_ospanova@kazguu.kz
Ережепова Анаргуль Маратовна
Мансап және жұмыспен қамту орталығының
"Халықаралық құқық" ББ (қазақ және орыс бөлімшесі) бойынша менеджері
351 кеңсе
a_erezhepova@kazguu.kz

Байланыс

Орналасқан жері

MNU университеті, №351 кеңсе

Телефон

70-30-30 (ішкі нөмір 1083)

E-mail

oppkit@kazguu.kz

Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз