Берілетін дәреже — «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасы бойынша құқық бакалавры
MNU Law School-дағы «Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасының басты мақсаты – халықаралық құқық саласында да, ұлттық құқықтық жүйе шеңберінде де тиімді жұмыс істеу үшін құзыретке ие маманның жаңа моделін қалыптастыру болып табылады. Білім беру бағдарламасының мазмұнын айқындауға және траекториясын құруға мұндай тәсіл жаһандану процестерімен, Қазақстанның халықаралық процестерге, оның ішінде интеграциялық, сондай-ақ тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің трансшекаралық орын ауыстыруына белсенді қатысуымен негізделген, ол заңдық сүйемелдеуді және халықаралық, сол сияқты ұлттық құқықты білуді талап етеді.
Бағдарламаның артықшылықтары:
білімнің, дағдылардың және құзыреттердің кең саласы (базалық заң пәндері + халықаралық-құқықтық компонент пәндері), бұл жұмысқа орналасу кезінде қосымша мүмкіндіктер береді
негізгі үш бағыт шеңберінде бірегей білім беру траекториясын құру мүмкіндігі:
Public International Law and Diplomacy (Халықаралық жария құқық және дипломатия)
Private International Law and Internaional Commercial Regulation (Халықаралық жеке құқық және коммерциялық қызметті халықаралық реттеу)
Human Rights Advocacy (Адам құқықтары және құқық қорғау қызметі)
негізгі оқу жоспарына кіріктірілген minor-бағдарламалардың болуы *: minor English Law, minor German Law (Deutsches Recht), minor Business and Law, minor IT Law
ағылшын тілін оқытудың үздіксіз траекториясы: General English, Academic English, International Legal English I и International Legal English II, Business English
халықаралық-құқықтық блоктың барлық пәндері ағылшын тілінде ұсынылады * *, бұл шет елдерге және LLM екі дипломдық бағдарламаларына түсу үшін тілдік даярлықты контенттік жетілдіруді қамтамасыз етеді
жоғары ақы төленетін лауазымға табысты жұмысқа орналасу үшін ауқымды мүмкіндіктер:
халықаралық консалтинг
трансұлттық бизнесті құқықтық сүйемелдеу
ұлттық және халықаралық заң фирмалары (GRATA, E&Y, Deloitte, White & Case және басқалар)
халықаралық ұйымдар және олардың Қазақстандағы өкілдіктері, сондай-ақ республиканың халықаралық ұйымдар (ЕАЭО, БҰҰ, ДСҰ) жанындағы өкілдіктері
үкіметаралық және үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдары (UNHCR, ЮНИСЕФ, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро)
халықаралық-құқықтық сектордың әртүрлі салаларындағы үздік практикашыларды оқытуға тарту (тәжірибелі заңгерлер мен құқық қорғаушылардан бастап халықаралық ұйымдардағы Қазақстан өкілдеріне дейін)
білім беру бағдарламасы интернационалдандырылған, бұл академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу үшін қосымша мүмкіндіктер береді:
Seoul National University, Оңтүстік Корея
Wroclaw University, Польша
Bolognia Unversity, Италия
Leicester University, Ұлыбритания
Rhein-Waal University, Германия т.б.
* нормативтік оқу кезеңінде студент екі minor-бағдарламаны игере алады
**студенттің қалауы бойынша орыс/қазақ оқу тілдерін таңдай алады
Кәсіптік даму бағдарламасы
MNU құқық жоғары мектебінің кәсіби даму бағдарламасы – Advanced Professional Development Program (APDP) тәжірибелі мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған жоғары сапалы оқыту курстарын ұсыну мақсатында құрылған. Бағдарлама қарқынды дербес курстардың (семинарлар, тренингтер) да, сондай-ақ клиенттердің қажеттіліктерін ескере отырып толықтырылатын курстар серияларының да кең спектрін ұсынады:
I. English Law:
II. Салық құқығының практикалық курсы:
III. Бухгалтерлерге арналған азаматтық құқық;
IV. Шарттық қатынастар практикасы;
V. Талап-арыз өндірісі;
VI. Медициналық құқық (практик заңгерлерге арналған курс);
VII. Сот сараптамасы: қарқынды курс;
VIII. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және басқалар.
Оқу ұзақтығы (күн/сағат саны) курстың міндеттері мен мазмұнына байланысты.
Оқытудың негізгі тілі – орыс тілі. Ағылшын және/немесе қазақ тілдерінде оқытуды таңдау үшін алдын ала өтінім талап етіледі.
Оқу аяқталғаннан кейін сертификат беріледі.
Әрбір модульге қатысу құны – 30 000 теңге.
Топ – 12-ден 20 адамға дейін.
Сабақтар Maqsut Narikbayev University базасында өткізіледі (Астана қ.). Тарату материалы және кофе-брейктер қамтамасыз етіледі.
Алдын ала онлайн тіркелу сілтемесі бойынша қол жетімді.
Аталған бағдарлама аясында барлық сұрақтар бойынша үйлестіруші – Бибігүл Әйтеноваға (Bibigul Aitenova) хабарласуға болады. E-mail: b_aitenova@kazguu.kz