БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН БЕЙІМДЕЛУ АПТАЛЫҒЫ
MNU Orientation Week 2025 барысында Maqsut Narikbayev University-ге жаңа қабылданған студенттер университеттің академиялық өмірімен танысады. Іс-шаралар кешені университет басшылығымен танысудан бастап Formula 1 стиліндегі Welcome Party-ге дейін қамтиды. Orientation Week студенттердің жаңа білім беру ортасына тез бейімделуіне және студенттік өмірдің ырғақты қарқынына енуіне көмектеседі.
MNU Orientation Week 2025 аясында студенттер:
• – жалпы мастер-класстарға қатысады;
• – Университет басшылығымен, Жоғары мектептердің декандарымен және жекелеген пәндер оқытушыларымен танысады;
• – Студенттік істер департаментімен және университеттің психологиялық қызметімен танысады;
• – жалпы конференция аясында MNU-дың ақпараттық жүйелерінің мүмкіндіктері туралы біледі: Smart MNU мобильді қосымшасы, Platonus ААЖ, Canvas LMS және Outlook корпоративтік поштасы;
• – пәндерге онлайн тіркелуден өтеді.
Студенттермен салтанатты кездесу Фемида алаңында өтеді, ал Orientation Week апталығының шарықтау шегі – Formula 1 стиліндегі Welcome Party болмақ. MNU Orientation Week 2025 аясында студенттерді топтық ойындар, көңілді әуен, ерекше байқаулар және нағыз көңіл көтеру толқыны күтеді.
Orientation Week 2025 кестесі:
26.08 – OFFLINE Welcome Day: университет басшылығынан мастер-класстар мен дәрістер;
10:00 – Жоғары гуманитарлық мектеп (ЖГМ);
13:00 – Құқық жоғары мектебі (ЖҚМ) және Халықаралық журналистика мектебі (ХЖМ);
16:00 – Халықаралық экономика мектебі (ХЭМ);
27.08–28.08 – ONLINE Orientation Week: Жоғары мектеп өкілдерімен кездесу. Сабақ кестесін құру және басқа академиялық мәселелер бойынша мастер-класстар;
31.08 – Formula 1 стилінде өтетін Welcome Party 2025.