MNU Logo

Халықаралық Журналистика Мектебі

Халықаралық журналистика мектебі – университеттің қарқынды дамып келе жатқан құрылымдық бөлімшесі. Мектеп 2023 жылы елдегі жетекші медиа-холдинг – Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенімен серіктестік негізінде ашылды.

 

Мектеп академиялық тереңдікке, практикалық тәжірибеге және журналистикаға қатысты жаһандық жаңашылдықтарға басымдық береді. Еліміздегі алдыңғы қатарлы медиаплатформалармен серіктестіктің нәтижесінде студенттер түрлі редакцияларда және халықаралық жобаларда жұмыс жасап, шынайы тәжірибе жинайды.

 

Қазіргі таңда Мектепте «Халықаралық журналистика» атты бірегей білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Мақсаты – сыни тұрғыдан ойлай алатын, үлкен деректермен жұмыс істей білетін және әлемдік үрдістерді терең түсінетін жаңа кәсіби журналистер буынын даярлау.

11:11, 08.11.2025

Euronews академиясы: MNU-да медиа технологиялар бойынша курс өтті

Maqsut Narikbayev University-де Euronews академиясының курстары жалғасуда. Осы аптада «Студиядағы жарық пен дыбыс» және «Әлеуметтік желілер дәуірінде контент жасау» модульдері өтті. Қазақстанның бес қаласынан мультимедиялық контент жасау бойынша 40-қа жуық маман практикалық тапсырмаларды орындап, шетелдік сарапшылармен нақты кейстерді талқылады. Модульдердің тренерлері BBC, Euronews, CNN және Al Jazeera компанияларымен жұмыс істеген, телевизиялық өндіріс саласындағы сарапшы Валери Одикадзе, […]

05:10, 30.10.2025

MNU студенттері Tengrinews стипендиясының иегері атанды

Maqsut Narikbayev University-де Tengrinews ақпараттық порталының стипендияларың табыстау рәсімі өтті. Сертификаттарды Халықаралық журналистика мектебінің үш студенті алды. Биыл стипендияға Аружан Аманғалиева, Руслан Базарбаев пен Полина Саам ие болды. Болашақ журналистерді Tengrinews бас редакторы Айсұлтан Құлшыманов құттықтады. Оның айтуынша, стипендия студенттерге ақпараттық порталда өндірістік практикадан өту мен жұмысқа орналасу мүмкіндігін береді. Айта кетейік, 2023 жылы MNU мен Alash […]

11:10, 27.10.2025

MNU-да қазақстандық журналистерге арналған Euronews академиясының курстары өтті

Maqsut Narikbayev University Euronews Академиясының курстары қайта басталды. Республикалық және өңірлік БАҚ қызметкерлері «Тележурналистика және тікелей эфир» модулі бойынша оқудан өтті. Модуль аясында журналистер телевизиялық форматтардың негіздері мен сценарий құрылымы, продюсерлік және редакторлық жұмыс, кадр жұмысы мен сұхбат техникасы туралы білді. Курс қатысушыларымен Euronews-тің Астанадағы бюросының басшысы Боян Бркич және Еуропалық одақ мәселелері жөніндегі аға […]

05:10, 16.10.2025

Шынайы хроника: Kazinform-ның 105 жылдығына арналған кітаптар MNU-ға сыйға тартылды

Maqsut Narikbayev University-ге «Kazinform. Шынайы хроника» кітабының 40 данасы сыйға тартылды. Кітап беру университет пен Kazinform Халықаралық ақпарат агенттігі басшылығының кездесуі барысында өтті. Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені құрылымына кіретін Kazinform халықаралық мәртебе алған алғашқы мемлекеттік ақпарат агенттігі ретінде танымал. Агенттік 105 жыл бойы саясат, экономика, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және қоғам өмірінің басқа да […]

Миссия

Халықаралық журналистика мектебі – этиканы ұстанатын, жаһандық деңгейде ойлайтын және әлемнің кез келген нүктесінде, кез келген жағдайда жұмыс істей алатын журналистердің жаңа буын қалыптастыратын орта.

 

Біз үшін журналистика – жай ғана мамандық емес, қоғамға қызмет етудің, шындық пен жауапкершілік қағидаттарына адал болудың жолы. Біздің түлектер осы құндылықтарды қай жерде жұмыс істесе де сақтай біледі.Шындық, дәлдiк, тәуелсiздiк, адалдық, объективтiлiк және есеп беру сияқты журналистiк құндылықтар призмасы арқылы жаңалықтар мен оқиғаларды баяндауда, талдауда және беруде тәжiрибесi бар озық және бiлiктi журналистердi даярлауда көшбасшы болу.

Көзқарас

Біз дарынды жастарды біріктіретін, академиялық мәдениет, инновациялар мен журналистиканың миссиясы тоғысқан орталық болуға ұмтыламыз.

Халықаралық журналистика мектебінің түлектері – жай ғана БАҚ қызметкерлері емес, қоғам пікірін қалыптастыратын көшбасшылар, сондай-ақ Қазақстанда және онан тыс жерлерде медианың дамуына ықпал ете алатын кәсіби мамандар.

ҚҰНДЫЛЫҚТАР:

  1. Этикалық ұстаным.
    Халықаралық журналистика мектебі жоғары кәсіби және адами стандарттарды басты бағыт етіп ұстанады. Біз үшін журналистика – адалдыққа, құрметке және жауапкершілікке негізделген қоғамға қызмет ету.
  2. Еркіндік.
    Біз ой еркіндігі мен сөз бостандығын журналист мамандығының және демократиялық қоғамның негізі деп санаймыз. Сонымен қатар, кез келген еркіндік жоғары кәсіби жауапкершілік пен саналықты талап ететінін түсінеміз.
  3. Сыни тұрғыдан ойлау.
    Біз шындықты тереңінен көруге, талдауға және ыңғайсыз болса да сұрақ қоя білуге үйретеміз.
  4. Жаһандық көзқарас.
    Біз кең ауқымда ойлайтын, халықаралық үдерістерді түсінетін және көптілді, көпмәдениетті ортада жұмыс істей алатын журналистерді даярлаймыз.
  5. Эмпатия.
    Біз мықты журналистика тек фактілерге ғана емес, адамдарды және олардың өмірлік тарихтарын түсіне білу қабілетіне де сүйенеді деп сенеміз.
  6. Кәсібилік.
    Біз заманауи медиатехнологияларды меңгерген, кәсіби стандарттарды құрметтейтін және өз ісіне адал мамандарды әзірлейміз.

 

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ:

Халықаралық журналистика мектебі студенттердің практикалық білім алуына және шығармашылық қабілетін дамытуына толық мүмкіндік беретін заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған.

 

Медиахаб и медиазертхана

Мектеп студенттері Медиахаб пен Медиазертхананы мейлінше кеңінен пайдалана алады. Бұл кеңістіктер заманауи компьютерлермен, бірнеше LCD-дисплейлермен және эргономикалық жұмыс орындарымен жабдықталған. Олардың техникалық базасына мультимедиалық кешендер, аудиовизуалды монтаждау мен продакшн жүйелері, деректерді визуализациялау және контент-менеджментке арналған қосымшалар, сондай-ақ веб-басылымдарға арналған арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету кіреді.

 

Техникалық қолдау

Мектеп студенттеріне жыл сайын жеке медиажобаларды жүзеге асыруға арналған жаңа жабдықтар сатып алынады. Құрал-жабдықтар саны 29-дан 50-ге дейін арттырылды. Камералар, штативтер, микрофондар, стабилизаторлар және 30 жарықтандыру жиынтығы алынды.

Біз студенттер медиаконтентті жайлы әрі заманауи ортада жасап, үйрене алуы үшін техникалық базаны кезең-кезеңімен нығайтып келеміз.

Білім беру бағдарламалары

2025-2026

MNU университеті аналитикалық ойлауды, өнертапқыштықты, мәселелерді шешуді және қоғамға қызмет етуді ынталандыратын жаңа идеяларды бағалайды.

Бакалавр деңгейі
Магистр деңгейі
Докторантура

Халықаралық журналистика

Сипаттама:

Мақсаты: дәстүрлі жанрларда да, жаңа форматтарда да жұмыс істей алатын жоғары білікті журналистердің жаңа буынын дайындау. Бағдарламаның негізгі бағыты жергілікті, ұлттық және халықаралық деңгейдегі, оның ішінде қазақстандық перспективадан оқиғаларды жан-жақты, сапалы және объективті түрде жариялай алатын халықаралық деңгейдегі әмбебап мамандарды тәрбиелеу үшін практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Толығырақ

Проектов не найдено

Проектов не найдено

Академиялық ұтқырлық

Серіктес ЖОО

Академиялық ұтқырлық студенттерді академиялық кезеңге шетелдік әріптес жоғары оқу орнында оқытуды көздейді. Бағдарламаға қатысу - бұл бір уақытта шетелдік ЖОО-да оқу және шетелде тұру тәжірибесін алу мүмкіндігін береді.

Іріктеу критерийлері

2 немесе 3 курс студенттері
GPA 2,5 немесе одан жоғары
Ағылшын тілінің деңгейі B2 немесе одан жоғары

Серіктестер

Эдвайзерлер кеңсесі

ХЖМ эдвайзерлер кеңсесі білім алушыларды оқытудың бүкіл кезеңі ішінде ұйымдастыру-әдістемелік және консультациялық жұмыстарды жүргізеді, Халықаралық журналистика мектебінің академиялық саясаты шеңберінде білім алушылардың академиялық мүдделерін қолдайды және жеке оқу жоспарын құруға/түзетуге жәрдемдеседі.

ХЖМ эдвайзерлері

Азиз Николаев
Эдвайзер
240 кеңсе
+7 (7172) 70 28 10 (іш. 7777)
nikolayev_aziz@mnu.kz

Академиялық құжаттар

Академиялық каталог
Академиялық күнтізбе
Академиялық саясат

Академиялық каталог

Бакалавриат
Магистратура
Докторантура

Бакалавриат

Мереке және демалыс күндері
1 Қаңтар
Жаңа жыл
8 Наурыз
Халықаралық әйелдер күні
21-23 Наурыз
Наурыз мейрамы
1 Мамыр
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі
7 Мамыр
Отан қорғаушылар күні
9 Мамыр
Жеңіс күні

Магистратура

Мереке және демалыс күндері
1 Қаңтар
Жаңа жыл
8 Наурыз
Халықаралық әйелдер күні
21-23 Наурыз
Наурыз мейрамы
1 Мамыр
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі
7 Мамыр
Отан қорғаушылар күні
9 Мамыр
Жеңіс күні

Докторантура

Мереке және демалыс күндері
1 Қаңтар
Жаңа жыл
8 Науырыз
Халықаралық әйелдер күні
21-23 Науырыз
Наурыз мейрамы
1 Мамыр
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі
7 Мамыр
Отан қорғаушылар күні
9 Мамыр
Жеңіс күні

Академиялық сапа, ғылым және этика комитеті

Қазіргі уақытта Халықаралық журналистика мектебінде Академиялық сапаны қамтамасыз ету, бағдарламалардың сапасын бақылау және Университеттің академиялық саясатына, стандарттары мен ережелеріне сәйкестігін қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру мен ғылыми-зерттеу қызметі аясындағы этикалық нормалардың бұзылуымен байланысты дауларды шешу міндеттерін атқаратын біріккен комитет жұмыс істейді.

Ибрайымов Алмабек
Комитет төрағасы, Senior Lecturer
Аккенже Карибаева
Lecturer, MNU Newsroom жауапты редакторы
Оразбаева Айгуль
Teaching Professor
Аманов Даулет
Lecturer
Асаниязова Дариға
«Журналистика: аналитика және зерттеу» бағдарламасының 3 курс студенті

Академиялық сапа комитетінің құрамына дауыс беру құқығынсыз қатысатын бірнеше негізгі мүшелер кіреді:

Жамалова Айгуль, Халықаралық журналистика мектебінің деканы
Каргашев Расул, Халықаралық журналистика мектебі деканының орынбасары
Шойымбекова Бакыт, Білім беру бағдарламаларының жетекшісі

Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз