Инклюзия
Университет студенттерге әлеуметтік, психологиялық және медициналық қолдау көрсетеді, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін қол жетімді орта жағдайларын ұсынады.
Қолдау
Студенттерге кешенді көмек: әлеуметтік қолдау, психологиялық кеңес беру, медициналық қызметтер және қол жетімді орта.
-
Әлеуметтік қолдау
Университетте әлеуметтік осал санаттағы студенттерге ә...
Университетте әлеуметтік осал санаттағы студенттерге әлеуметтік қорғау жөніндегі менеджер, психологиялық көмек қызметі және басқа да кеңес беру мен ақпараттық қолдау көрсететін бөлімшелер арқылы көмек көрсетіледі.
-
Санаттар
Әлеуметтік қорғау жөніндегі менеджердің консультацияла...
Әлеуметтік қорғау жөніндегі менеджердің консультациялары мен сүйемелдеуі төмендегі санаттағы студенттерге ұсынылады:
-
Кеңес алу
Менеджер жұмысы аясында мынадай мәселелер бойынша ақпа...
Менеджер жұмысы аясында мынадай мәселелер бойынша ақпарат және қолдау көрсетіледі:
-
Қолжетімді орта
Мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін университетте қол...
Мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін университетте қолжетімділік жағдайлары қамтамасыз етілген:
Әлеуметтік қолдау
Университетте әлеуметтік осал санаттағы студенттерге әлеуметтік қорғау жөніндегі менеджер, психологиялық көмек қызметі және басқа да кеңес беру мен ақпараттық қолдау көрсететін бөлімшелер арқылы көмек көрсетіледі. Әлеуметтік қорғау жөніндегі менеджерге жүгіну жолдары:
1. Корпоративтік электронды пошта арқылы;
2. Жеке түрде — 0 қабат (песочница), DSA кабинеті. Психологқа жазылу Instagram-да көрсетілген сілтеме арқылы жүзеге асырылады.
Санаттар
Әлеуметтік қорғау жөніндегі менеджердің консультациялары мен сүйемелдеуі төмендегі санаттағы студенттерге ұсынылады:
• мүмкіндігі шектеулі жандар;
• көпбалалы отбасынан шыққан студенттер;
• толық емес отбасынан шыққан студенттер;
• жетімдер;
• жеңілдіктері бар немесе квота бойынша қабылданған студенттер.
Кеңес алу
Менеджер жұмысы аясында мынадай мәселелер бойынша ақпарат және қолдау көрсетіледі:
* студент үйіне және хостелге орналастыру;
* жол жүру жеңілдіктерін рәсімдеу;
* жеңілдіктер мен жеңілдетілген шарттар туралы ақпарат беру;
* қажет болған жағдайда студентті жеке кеңес алу үшін психологқа жолдау;
* студентті бейімделу, коммуникациялық дағдыларды дамыту, стресс-менеджмент және т.б. бағыттағы тренингке жазу;
* студенттік ұйымдарға, клубтарға және бастамаларға қатысу арқылы әлеуметтік интеграцияға жәрдемдесу. Психологиялық көмек туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://mnu.kz/ru/psychological-support-service/
Қолжетімді орта
Мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін университетте қолжетімділік жағдайлары қамтамасыз етілген:
1. қызметтік кіреберіс жағынан жабдықталған пандустар (1 қабат);
2. жедел көмек алу үшін күзет шақыру батырмасы;
3. инва-такси арқылы 0 қабаттағы паркинг арқылы кіру мүмкіндігі;
4. жайлы пайдалану үшін бейімделген, шақыру батырмалары бар дәретханалар;
5. оқу, дәріс және кеңсе бөлмелеріне кедергісіз кіру (табалдырықсыз есіктер);
6. лифт батырмаларында Брайль қарпінің болуы.