Maqsut Narikbayev Университеті
Директорлар кеңесі Maqsut Narikbayev University басқару органы болып табылады. Директорлар кеңесі қоғам дамуының стратегиялық мақсаттарын, басым бағыттарын айқындайды, Қоғам қызметінің ұзақ мерзімді перспективаға негізгі бағдарларын белгілейді. Директорлар кеңесі қоғам мен Басқарма қызметін бақылауды жүзеге асырады. Директорлар кеңесінің функцияларын тиімді орындауға жәрдемдесу мақсатында комитеттер құрылды: Аудит жөніндегі комитет, Кадрлар және сыйақылар жөніндегі комитет, Стратегиялық жоспарлау мәселелері жөніндегі комитет, Директорлар кеңесінің қалауы бойынша өзге де комитеттер және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптары. Директорлар кеңесі өз функцияларын заңнамаға, қоғамның жарғысына, корпоративтік басқару кодексіне, Директорлар кеңесі туралы ережеге және қоғамның өзге де ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
Директорлар кеңесінің қызметін тиімді ұйымдастыру және Басқарманың акционерлермен өзара іс-қимылы мақсатында Директорлар кеңесі корпоративтік хатшы тағайындайды.
Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесіне есеп береді және басқармадан тәуелсіз. Корпоративтік хатшы өз қызметін заңнама, Қоғам Жарғысы, Корпоративтік басқару кодексі, Корпоративтік хатшы туралы ереже және қоғамның өзге де ішкі құжаттары негізінде жүзеге асырады