MNU Logo

MNU студенттері халықаралық тележобаларға қатысты

Maqsut Narikbayev University студенттері халықаралық тележобаларға қатысты. Олар World Insight және AnewZ Talks бағдарламаларының арнайы шығарылымдарының қонағы болды.

Қытайдың CGTN халықаралық жаңалықтар телеарнасы мен әзірбайжандық AnewZ халықаралық жаңалықтар телеарнасының бағдарламаларының түсірілімі Maqsut Narikbayev University-де өтті. Бұл университеттің ҚР Президентінің Телерадиокешенімен серіктестігі аясында мүмкін болды. Бағдарламалар әлем бойынша 100-ден астам елді қамтитын кең аудиторияға көрсетілді.

CGTN телеарнасының World Insight жобасының арнайы шығарылымы «Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті қарсаңында эфирге шықты. Қазақстандық және шетелдік сарапшылар Орталық Азия мен Қытай елдері арасындағы әріптестік пен өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа жолдары жөнінде пікір алмасып, MNU студенттерінің сұрақтарына жауап берді. Бұдан басқа, бағдарлама Қазақстанның Silk Way тұңғыш ұлттық спутниктік телеарнасы арқылы алты тілде көрсетілді.

AnewZ телеарнасының AnewZ Talks жобасының жаңа шығарылымында медиа пен дипломатияны тереңдету мәселелері қозғалды. Қатысушылар сондай-ақ жасанды интеллекттің даму дәуіріндегі медианың дипломатияға әсерін талқылады. Сарапшылардың арасында MNU басқарма төрағасының халықаралық байланыстар мен бастамалар жөніндегі кеңесшісі Мирас Жиенбаев та болды.

MNU-ға Аустрия Елшісі Андреа Бахер келді

Maqsut Narikbayev University-ге Аустрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Андреа Бахер келді. Ол жоғары оқу орнының инфрақұрылымымен танысып, MNU басшылығымен кездесу өткізді.

Университет дипломатиялық корпуспен өзара іс-қимылды белсенді түрде арттыруды жалғастыруда. Андреа Бахер аустриялық дипломатиялық миссияны осы жылдың басында басқарды. MNU басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаевпен кездесуде академиялық және мәдени ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, Аустрия Қазақстанның Орталық Еуропадағы жетекші сауда серіктестерінің қатарына кіреді. Бүгінде Қазақстанда аустриялық капиталдың қатысуымен 180-ге жуық кәсіпорын тіркелген.

Мәдени байланыстар: MNU-да Орталық Азия аудиториясына арналған қытайлық тележобаларының фестивалі бастау алды

Maqsut Narikbayev University-де «Мәдени байланыстар – 2025 – Орталық Азия елдеріндегі Қытай медиакорпорациясының телевизиялық бағдарламалары мен фильмдерінің фестивалі» жобасы іске қосылды. Бастама гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға, Орталық Азия елдері мен ҚХР арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға және мәдени байланыстарды ілгерілетуге бағытталған.

Жобаның басталуы 17 маусымда Астанада өтетін «ОА – Қытай» екінші саммиті қарсаңында өтті. Фестиваль аясында Орталық Азия елдерінің телеарналарында 10-нан астам деректі фильмдер мен телебағдарламаларды көрсету жоспарланған. Бұл бағдарламалар ел өмірінің негізгі аспектілерін көрсетеді: әлеуметтік-экономикалық даму, мәдени мұра және адамдардың күнделікті тарихы.

«Мыңдаған жылдар бойы Қытай мен Орталық Азия халықтары бірлесіп Жібек жолын құрды. Ол Шығыс пен Батысты, Азия мен Еуропаны біріктіріп, әлемдік өркениеттердің алмасуына, өзара байуына және дамуына тарихи үлес қосты. Кино мен теледидар біздің халықтарымыз арасындағы достық пен өзара түсіністіктің жаңа симфониясын қалыптастыратын көпірге айналады», – деп мәлімдеді Қытай медиакорпорациясының бас директоры Шэнь Хайсюн өзінің бейнеүндеуінде.

Іске қосу рәсіміне Қытай медиакорпорациясы Еуразиялық бюросының қызметкерлері, отандық БАҚ басшылары, дипломатиялық корпус өкілдері, Maqsut Narikbayev University қызметкерлері және медиа саласындағы сарапшылар қатысты. MNU провосты Сергей Пен бұл бастама ҚХР мен Орталық Азия елдері арасындағы мәдени және медиа ынтымақтастықтың жаңа форматына серпін беретінін атап өтті.

«Бұл жоба – тек контент алмасу ғана емес, қоғам арасындағы диалог. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінің көрермендері Аспан асты елінің кейіпкерлеріне ортақтасып, ал қытайлық аудитория Орталық Азия мәдениетімен танысып, шынайы құрмет пен сенімге қадам жасайды. Біз «Мәдени байланыстар – 2025» фестивалі жаңа бірлескен жобалар үшін берік негіз болады деп сенеміз», – деді Сергей Пен.

Айта кетейік, Maqsut Narikbayev University іс-шараның серіктесі ретінде фестивальді бастау алатын алаңға айналып, халықаралық диалог, академиялық ынтымақтастық және мәдени алмасу принциптеріне бейілділігін растады.

Жасөспірімдерге арналған аккаунттар, зертхананы іске қосу, онлайн қауіпсіздік: Meta вице-президенті MNU-ға келді

Maqsut Narikbayev University-ге (MNU) Meta компаниясының Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі қоғамдық саясат жөніндегі вице-президенті Саймон Милнер келді. Ол Қазақстандағы Instagram-да жасөспірімдерге арналған аккаунттарының ашылу рәсіміне қатысып, MNU басшылығымен келіссөздер жүргізді.

Meta топ-менеджментінің өкілі әлемнің ірі трансұлттық компанияларының бірінің жастардың онлайн-қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәсілдері туралы айтып берді. Ол Қазақстандағы Instagram-да Teen Accounts (Жасөспірімдерге арналған аккаунттар) ашылу рәсімінде сөз сөйледі. Іс-шараны Meta Platforms Inc компаниясы ҚР-дағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Іс-шараға ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Maqsut Narikbayev University басшылығы, бірнеше министрліктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ, Астана қаласының оқушылары қатысты. 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге арналған аккаунттар жоғары қауіпсіздік пен бақылау шараларымен сипатталады. Бастамада ата-аналардың ақыл-кеңесі мен халықаралық зерттеулер ескерілген. Аккаунттар кибербуллинг пен зиянды контентпен байланысты тәуекелдерді төмендетуге бағытталған.

Саймон Милнер сондай-ақ, MNU басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев пен MNU провосты Сергей Пенмен кездесті. Тараптар ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылап, Орталық Азиядағы цифрлық этика мен интернеттегі қауіпсіздікке арналған алғашқы зерттеу орталығы – VERA Lab жобасын іске қосу мүмкіндігін қарастырды. Бұдан басқа, Meta вице-президенті MNU инфрақұрылымымен танысып, маңызды іс-шараны өткізуге берілген алаң үшін университет басшылығына алғыс білдірді.

Қазақстанда Teen Accounts ашылуы жасөспiрiмдердiң жас талабына және ата-аналардың үмітіне сай келетiн неғұрлым қауiпсiз цифрлық орта құруға маңызды қадам болады деп күтiлуде.

Дамуды қаржыландыру болашағы: MNU-да сараптамалық диалог өтті

Maqsut Narikbayev Universityде әлемдегі дамуды қаржыландыру мәселелеріне арналған «Financing for Development – the Future We Need» сараптамалық диалогы өтті. Дипломаттар, халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері әділ, қолжетімді және тұрақты қаржыландыру жолдарын белгілеу жөнінде пікір алмасты.

Іс-шараны Қазақстандағы Испания Корольдігінің Елшілігі БҰҰ елдік командасымен бірлесіп, Дамуды қаржыландыру жөніндегі төртінші халықаралық конференциясына орай ұйымдастырды. Аталған шара 2025 жылғы 30 маусым мен 3 шілде аралығында Севильяда өтеді, онда дамуды қаржыландыру ұйымдарының әлеуметтік пайдалы жеке инвестицияларды көбірек жұмылдыру тақырыбы қаралады. MNU-дағы диалог жаһандық конференцияға дайындық процесінің бір бөлігі және Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу жолында халықаралық қоғамдастықтың алдында тұрған қаржылық сын-қатерлерді талқылау алаңына айналды.

«Maqsut Narikbayev University үшін мұндай диалогтың бір бөлігі болу – тек құрмет қана емес, сонымен қатар, біздің стратегиялық миссиямыздың көрінісі. Ол тұрақтылық пен әділдік қағидаттары негізінде жаһандық сын-қатерлерді шешуге қабілетті болашақ көшбасшылардың ойлау қабілеті қалыптасатын орын болу», – деді MNU провосты Сергей Пен.

Сарапшылар атап өткендей, бүгінде әлем халқының 40 пайызы білім мен денсаулыққа қарағанда, үкіметтері қарыздың пайыздарын өтеуге көп қаражат жұмсайтын елдерде тұрады. Диалогқа қатысушылар қаржылық тұрақтылықты күшейту және дамуды қолдау тетіктерінің тиімділігін арттыру тәсілдерін талқылады. БҰҰ өкілдері Севильяда өтетін халықаралық конференция жаһандық қаржы жүйесін реформалап, кедейлікпен, климат мәселелерімен және теңсіздікпен күресу үшін маңызды қадам болатынын атап өтті.

«БҰҰ мәліметінше, әлем 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған күн тәртібін орындаудан айтарлықтай артта қалып отыр. Талданған 140 мақсаттың жартысына жуығы теріс динамиканы көрсетеді. 2030 жылға қарай 600 миллионға жуық адам бұрынғысынша өте кедей жағдайда өмір сүреді деп болжануда. Сонымен қатар дамушы елдер жыл сайын 4 триллион долларын құрайтын қаржыландыру тапшылығына тап болып отыр. Осының аясында конференция өткізу жаһандық қаржылық архитектурасы реформаларын және ресурстарды жұмылдыруды талқылау үшін платформа ретінде ерекше маңызға ие болады», – деді БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі кеңсесінің басшысы Құртмолла Абдулғаниев.

Айта кетейік, іс-шараны Maqsut Narikbayev University-де өткізу жоғары оқу орнының білім, саясат және халықаралық бастамалар арасындағы байланысты нығайтуға деген ұмтылысын көрсетеді. Университет орнықты дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастыруға қатыса отырып, шетелдік әріптестермен академиялық ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда.

MNU Өзбекстанның жетекші талдау орталығымен ынтымақтасады

Maqsut Narikbayev University халықаралық ынтымақтастық көкжиектерін кеңейтуді жалғастыруда. Осы ретте, Орталық Азия халықаралық институты (ОАХИ, Ташкент қаласы, Өзбекстан) делегациясының сапары аясында екіжақты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат Қазақстан мен Өзбекстанның ғылыми-зерттеу және талдау орталықтары арасындағы серіктестік байланыстарды дамытуға бағытталған. Тараптар саяси және экономикалық зерттеулер, өңірлік қауіпсіздік, тарих, мәдениет, экология, су ресурстары, сауда және инвестициялар сияқты салаларда ынтымақтасуға келісті.

Меморандумға MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев және Орталық Азия халықаралық институтының директоры Жавлон Вахабов қол қойды. Меморандум бірлескен ғылыми іс-шараларды – форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыруды, сондай-ақ, ақпарат, жарияланымдар алмасуды және ғылыми дерекқорларға қолжетімділікті қамтиды. Бұдан басқа, зерттеулер мен ғылыми жарияланымдар бойынша бірлескен жұмыс жоспарлануда.

ОАХИ – Орталық Азияға қатысты өңірлік процестер мен халықаралық қатынастарды зерттеумен айналысатын мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемесі. Өзбекстанның жетекші талдау орталығымен ынтымақтастық MNU-дың халықаралық академиялық өзара іс-қимылды нығайту бағытының жалғасы болды.

Айта кетейік, бұған дейін университет жетекші шетелдік ұйымдармен және жоғары оқу орындарымен бірқатар меморандумдарға қол қойған болатын.

MNU мен Phrase: аударма мен локализация болашағы жолындағы серіктестік

Maqsut Narikbayev University Phrase компаниясымен академиялық серіктестік басталғанын хабарлайды. Локализация саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі саналатын Phrase университетке Phrase Localization платформасына қол жеткізу мүмкіндігін ұсынды. Бұл қолдау Academic Plan бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Бағдарлама аударма мен локализация саласындағы білім беруді дамытуға және болашақ кәсіби мамандарды даярлауда жоғары оқу орындарын қолдауға бағытталған.

Academic Plan – бұл жай ғана технологиялық көмек емес, бұл білім беру саласына жасалған стратегиялық инвестиция. Бағдарлама аясында студенттер мен оқытушылар кәсіби ортада кеңінен қолданылатын заманауи локализация құралдарымен жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Аударма, қолданбалы лингвистика және мәдениетаралық коммуникация бағыттарында білім алып жатқан магистранттар нақты жағдайларға негізделген жобалармен айналысып, түрлі нарықтар мен мәдениеттерге контентті бейімдеу үдерісін терең меңгереді.

Бұл серіктестік Maqsut Narikbayev University үшін заманауи цифрлық шешімдерді білім беру процесіне енгізудегі маңызды қадам болып табылады. Phrase Localization платформасы оқу бағдарламаларын заманауи талаптарға сай, практикалық бағытта дамытуға ықпал етіп, студенттер үшін академиялық және кәсіби мүмкіндіктер көкжиегін кеңейтеді.

Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту: MNU-ға Penn State University-ден серіктестер келді

Maqsut Narikbayev Universtiy-ге (MNU) АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Penn State University өкілдері келді. Америкалық делегация MNU топ-менеджментімен кездесіп, серіктестікті кеңейтуді талқылады.

Penn State University делегациясының құрамына Assistant Professor Филип Джолли және Еуразиялық өңірдегі серіктестік келісімдер мен ынтымақтастық жөніндегі директордың орынбасары Влад Лихолетов енді. Профессор Джолли hospitality білім беру саласында әлемдік көшбасшы ретінде танылып және 17 мыңнан астам маман дайындаған Қонақ үй менеджменті мектебінің білім беру бағдарламаларын таныстырды. Бұдан өзге, ол университеттің Қазақстаннан студенттер санын көбейтуге мүдделі екенін атап өтті.

Penn State University өкілдері MNU басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаевпен кездесіп, жоғары оқу орнының қызметімен танысты. MNU провосты Сергей Пен білім беру бағдарламалары туралы егжей-тегжейлі айтып, туризм және қонақ үй ісі саласындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін, қос диплом, халықаралық сертификаттау және академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамытуды талқылады. MNU Жоғары гуманитарлық мектебінің деканы Анар Ибраева қонақтарды университеттің туризм индустриясы үшін мамандар даярлау саласындағы жетістіктері, соның ішінде халықаралық тағылымдамалар, жаһандық қонақ үйлермен серіктестік, Франция мен Швейцарияның жоғары оқу орындарымен бірлескен бағдарламалардың табысты іске қосылғаны туралы хабардар етті.

1855 жылы негізі қаланған Penn State University АҚШ-тың ірі зерттеу жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Осы жылдың басында MNU басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев пен MNU провосты Сергей Пен АҚШ-тағы университетке барып, ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімге қол жеткізді. Сапар барысында қонақ үй менеджменті, журналистика, коммуникация және халықаралық қатынастар салаларында бірлескен академиялық бастамаларды іске қосу жоспарлары белгіленді. Сондай-ақ 2+2, 3+1, BA+MA бірлескен білім беру бағдарламаларын және америкалық PhD баламасы – SJD бағдарламасы бойынша оқуды жалғастыруға мүмкіндік беретін MNU Құқық жоғары мектебінің түлектеріне арналған бағдарламаны әзірлеу қарастырылған.

Айта кетейік, бұл кездесу Қазақстан мен АҚШ арасындағы берік академиялық көпір құрудағы маңызды қадам болды. Онда MNU өзін жаһандық білім, тәжірибе және инновациялар үшін ашық алаң ретінде көрсетеді.

MNU-де Euronews академиясының курстары өтуде

Maqsut Narikbayev University-де Euronews академиясының курстары өтуде. Ірі халықаралық телеарнаның жетекші сарапшылары студенттерге телевизиялық, цифрлық журналистика негіздерін үйретіп, өз тәжірибелерімен бөлісуде.

Euronews академиясының курстары журналистика және медиа саласындағы кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған. Студенттер телеарнаның білім беру бағдарламалары мен тағылымдамаларына бірегей мүмкіндігіне ие болып, халықаралық жетекші сарапшылардан тәжірибелік білім алуда. Жоба Euronews, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры және Астана қаласындағы үш университет арасындағы меморандум аясында жүзеге асырылады, бұл ретте MNU – курстарды өткізу базасы ретінде белгіленген.

Euronews академиясының білім беру бағдарламасы ақысыз негізде өткізіледі және «Телевизиялық журналистика», «Цифрлық журналистика» сияқты курстарды қамтиды. «Телевизиялық журналистика» курсы аясында оқытушы ретінде тәжірибелі медиаменеджер, Астанадағы Euronews бюросының басшысы Боян Бркич және халықаралық сарапшы Серджио Кантоне болды. Олар студенттерге сұхбат беру техникасын және бейнекамера алдында сенімді жұмыс жасауды үйретті. Қатысушылар өздерін әртүрлі рөлдерде сынап көрді: репортаж түсіру, кадрда жүргізуші болу, «тікелей эфир» форматында жұмыс істеу.

«Цифрлық журналистика» курсы digital-контентті құру бойынша қарқынды оқытуды, жасанды интеллектті пайдалануды, әлеуметтік желіде ілгері жылжытуды, сондай-ақ медиа саласындағы заманауи цифрлық құралдармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қамтиды. Курс оқытушылары ретінде Euronews журналистері мен продюсерлері Туба Алтункая, Ханна Браун, Фатих Йетим және Пьер Ассема танылды, ал оқудың аяқталуы 2025 жылдың 19 мамырында жоспарланған.

Айта кету керек, қатысушылардың басым бөлігі – MNU Халықаралық журналистика мектебінің студенттері. Олар Euronews және «Медиа дамыту қоры» мамандары жүргізген іріктеуден өткен. Курсты аяқтағаннан кейін студенттер алған дағдылары мен қатысуын растайтын Euronews сертификаттарына ие болады. Сонымен қатар, халықаралық сарапшылар ашық дәрістер өткізеді, ал БАҚ өкілдеріне арналған жеке модульдер іске қосылады.

Фото 1
Фото 2
Фото 3
Фото 4
Фото 5
Фото 6

Еске салайық, Euronews – штаб-пәтері Брюссельде орналасқан ірі халықаралық телеарна. Ол теледидар арқылы 160 елдегі 400 миллионнан астам көрерменді және ай сайын онлайн форматта 25 миллионнан астам көрерменді қамтиды.

Kapuscinski Lectures: Кембридж профессоры MNU-да сөз сөйледі

Maqsut Narikbayev University-де (MNU) БҰҰ даму бағдарламасы мен Еуропалық комиссияның қолдауымен Орталық Азиядағы Kapuscinski Lectures жобасының тұсауы кесілді. Алғашқы дәрісті Кембридж университетінің профессоры Абхиманью Шарма өткізді. Оның «Тіл саясаты: даму және инклюзия» тақырыбындағы дәрісі MNU студенттері мен университет қонақтары арасында үлкен қызығушылық тудырды. 

Абхиманью Шарма – тіл саясатының маманы. Оның докторлық диссертациясы Үндістан контекстіндегі Еуропалық Одақтың тіл саясатына бағытталған. Kapuscinski Talks аясындағы дәрісінде ол тіл саясатының дамуды қалай қалыптастыратыны туралы білімімен бөлісіп, негізгі екі бағытқа назар аударды: ағылшын тіліндегі білім берудің рөліне және ымдау тіліндегі оқытудың болмауына байланысты есту мүмкіндігі шектеулі жандар қауымының шеттетілуі.

Баяндама барысында спикер тіл саясатының екі негізгі қырын бөліп көрсетті. Бірінші бөлімде мемлекеттік саясаттың, тіл саясаты мен даму ұғымдарының негізгі түсініктері қарастырылды. Екінші бөлім Үндістандағы ағылшын тілінің рөліне, тұлғалық бірегейлік пен әлеуметтік мобильдік мәселелеріне арналды. Үшінші бөлімде профессор есту қабілеті бұзылған адамдарға қатысты саясатқа, әлеуметтік стигма мен ымдау тілдерінің маңыздылығына тоқталды.

«Тілдер көбінесе тек қарым-қатынас құралы ретінде ғана қабылданады. Мұндай қарапайым түсінік тілдердің күнделікті өмірге ықпалы саяси партиялар немесе әлеуметтік топтардың қызметімен салыстырғанда саясаткерлер үшін оншалықты айқын болмауынан туындауы мүмкін. Алайда, тіл – тек қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар бірегейліктің маңызды белгісі екенін еске салу қажет. Тіл адамның өзін қалай ұғынатынына және өзінің қай ортаға тиесілі екенін қалай анықтайтынына тығыз байланысты болғандықтан, ол мемлекеттік саясат жүйесінде маңызды орын алуы тиіс», – деді Абхиманью Шарма.

Профессор ерекше назарын дауысы тым жиі елеусіз қалатын – маргиналданған тілдік қауымдастықтардың өкілдеріне аударды. Оларды қоғамдық, білім беру және мәдени күн тәртібіне қосу – бұл жай ғана әділеттілік емес, тұрақты әрі инклюзивті дамудың маңызды шарты. Спикердің пікірінше, мұндай адамдарға өз даусын естіртуге мүмкіндік беру, ресурстарға қолжетімділік пен шешім қабылдау процесіне қатысуын қамтамасыз ету – яғни, әр адам өз маңыздылығын және қандай да бір қауымдастыққа тиесілі екенін сезіне алатын болашақты шын мәнінде қалыптастыру деген сөз.

«Тіл саясаты әлеуметтік шоғырлану процестеріне де, әлеуметтік шиеленістің қалыптасуына немесе керісінше ушығуына да айтарлықтай әсер етеді. Сонымен қатар, тіл мемлекеттің саяси және мәдени келбетін анықтауда шешуші рөл атқарады. Сондықтан тілдік көпбейненің стратегиялық және инклюзивті басқарылуы тұрақты және әділ мемлекеттік дамудың қажетті элементіне айналады», –  деп атап өтті Абхиманью Шарма.

Айта кетейік, Kapuscinski Lectures жобасы көрнекті поляк тілшісі және жазушысы Рышард Капущинскийдің есімімен аталады. MNU осы халықаралық бастаманың бір бөлігі болғанын мақтан тұтады, сонымен қатар ашық, әділ және инклюзивті қоғам құруға ықпал етеді.

Фото 1
Фото 2
Фото 3
Фото 4
Фото 5

MNU-ға АҚШ-тың жетекші университеттерінің өкілдері келді

Maqsut Narikbayev University-ге АҚШ-тың беделді жоғары оқу орындарының, атап айтқанда Harvard, Wellesley, Barnard, Grinnell және Middlebury университеттерінің өкілдері келді. Америкалық әріптестер MNU-дың білім беру бағдарламаларымен танысып, екіжақты ынтымақтастықтың бағыттарын талқылады.

АҚШ-тың үздік жоғары оқу орындарының бірі – Мидлбери колледжі студенттер арасында шетел тілдерін оқытуды белсенді түрде дамытуда. Бұл университет Maqsut Narikbayev University-мен көпжылдық серіктестік орнатқан. Осы ынтымақтастық аясында жыл сайын Қазақстанға орыс тілін меңгеруге америкалық студенттер келіп, өз білімдерін жетілдіреді. Сонымен қатар, олар түрлі пәндер бойынша толыққанды білім алады.

АҚШ-тық делегация MNU-дың білім беру бағдарламаларына, академиялық процесіне және студенттерге жасалған қолайлы жағдайларына ерекше қызығушылық танытты. Провост Сергей Пен оқу орнының жетістіктері мен инфрақұрылымы туралы жан-жақты баяндап, қонақтарды оқу корпусымен таныстырды. Тараптар халықаралық студенттік алмасуды одан әрі дамытуға ниет білдірді.

«Біздің университет жыл сайын әлемнің әртүрлі елдерінен келген студенттерді қабылдайды. Осы орайда академиялық алмасу бағдарламалары шетелдің жетекші университеттерін де қызықтыратынына сенеміз. MNU – лингвистика бағытында қарқынды дамып келе жатқан білім орталығы. Middlebury College-ге бізді сенімді серіктес ретінде ұсынғаны үшін алғысымызды білдіреміз», – деді Жоғары гуманитарлық мектептің деканы Анар Ибраева.

Айта кетейік, «Қолданбалы лингвистика» мамандығы өзінің сұранысқа ие екенін дәлелдеп, ҚР ҰҚП «Атамекен» жүргізген жаңартылған жоғары оқу орындары білім беру бағдарламаларының рейтингінде бірінші орынға ие болды.

Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз