MNU Logo
ӘДІЛ АХМЕТОВ MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY ҚАБЫРҒАСЫНДА ТАБЫС ҚҰПИЯСЫМЕН БӨЛІСПЕК! - MNU

10.02.2025

ӘДІЛ АХМЕТОВ MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY ҚАБЫРҒАСЫНДА ТАБЫС ҚҰПИЯСЫМЕН БӨЛІСПЕК!

Табысқа жетудің сыры неде? Еңбек, сенім, ізденіс – шыңға жетелейтін үш қағида! 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал актер Әділ Ахметов Maqsut Narikbayev University қабырғасында қонақтық дәріс өткізеді.

Әділ Ахметов – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр және кино актері, тележүргізуші, продюсер.

Оның шығармашылық жолы кино мен телехикаяларда сомдаған алуан түрлі рөлдерді қамтиды. Әділ Ахметов әр образға жан бітіріп, көрерменнің жадында жарқын әрі шынайы кейіпкерлерімен сақталды. Ол отандық кино өнерінің дамуына сүбелі үлес қосып, ауқымды киножобаларға қатысып ғана қоймай, жаңа буын актерлеріне қолдау көрсетіп, оларды шабыттандырады.

Әділ Ахметов актерлік өнерімен ғана емес, сондай-ақ мотивациялық спикер ретінде де танымал. Ол табысқа жету, мақсатқа ұмтылу және өзін-өзі жүзеге асыру туралы ойларымен бөлісіп, тыңдаушыларына шабыт береді. Оның өмір жолы – еңбек, сенім және үздіксіз ізденіс арқылы биіктерді бағындырудың жарқын үлгісі.

Maqsut Narikbayev University қабырғасындағы кездесу барысында ол өзінің еңбек жолы, бастан өткізген қиындықтары мен алға қойған мақсаттарына жетуге көмектесетін құпиялар туралы әңгімелейді.

Іс-шара 10 ақпанда сағат 17:00-де 0 қабатта,  Large  залында (Pesochnica) өтеді.

Кел, тыңда, сұрақ қой – тәжірибе алмасу мүмкіндігін жіберіп алма!

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
MNU-да Еуропа Кеңесі орталығының өңірлік кеңсесі ашылды
07.12.2025

MNU-да Еуропа Кеңесі орталығының өңірлік кеңсесі ашылды

Maqsut Narikbayev University жаһандық диалог пен академиялық ынтымақтастықтың белсенді орталығы болуда. Университетте Білім беру саласындағы...

Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?
06.12.2025

Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?

Бір апта бұрын Maqsut Narikbayev University студенттер қатарына ресми түрде қабылдау салтанатты рәсіміне бес мыңнан астам адам қатысты. Ендеше, университеттің басты мерекесінің қалай өткенін біздің фоторепортаждан біле аласыз. 27 қараша күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайы ерекше сәнге еніп, тартысқа толы аренаға айналды. Төрт жоғары мектеп чемпион атағы үшін жыл сайын өтетін дәстүрлі додада бақ сынасты. Кештің басты тақырыбы – «Arman Iesi. Think. Create. Lead» идеясы студенттерге кең ойлауға, жасампаз болуға және қарқынды дамып келе жатқан технологиялар дәуірінде көш бастауға жетелейтін үндеу болды. Студенттердің қойылымдары жасанды интеллекттің дамуы, болашақ мамандықтардың бейнесі және мәліметтер мен алгоритмдер күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған замандағы адамның рөлі турасында өрбіді. MNU студенттер қатарына қабылдау дәстүрлері – айрықша дүние. Кешқұрым...

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады
05.12.2025

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады

Maqsut Narikbayev University-де MNU Bridge Hub сараптамалық алаңы іске қосылды. Мемлекеттік және жекеменшік орта мектеп...

Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз