MNU Logo
10 жылдан кейін: MNU-да түлектер кездесуі өтті - MNU

03.09.2025

10 жылдан кейін: MNU-да түлектер кездесуі өтті

Maqsut Narikbayev University-де түлектердің дәстүрлі кездесуі өтті. Бұл жолы университет 2015 жылдың түлектерін біріктірді.

Түлектер университеттің инфрақұрылымдық ортасындағы ауқымды өзгерістерді жоғары бағалап, жеке жетістіктерімен бөлісті. Іс-шара жылы қарым-қатынас орнатуға себеп болып қана қоймай, әртүрлі жылдардағы түлектер арасындағы тығыз байланысты көрсететін айтулы оқиға болды. MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев іс-шараға қатысушыларды қарсы алып, білім орданың есігі олар үшін әрдайым ашық екенін мәлімдеді.

2015 жылы шамамен 900 маман бакалавр дәрежесіне ие болды. Жүргізілген сауалнамаға сәйкес, 20-шы мерейтойлық түлектер легінің басым бөлігі мемлекеттік қызметте, квазимемлекеттік компанияларда және кәсіпкерлік саласында табысты жұмыс істейді. Сондай-ақ университет түлектерді жұмысқа орналастырудың жоғары көрсеткіштерін көрсетуді жалғастыруда.

«Бұл жерде естеліктер көп. Біздің қиындықтардан қорықпайтын тұлға болып қалыптасқанымызға университетке айтар алғысымыз мол. Білім ордамыздан өздеріне ұнайтын іспен айналысатын табысты, мықты, креативті ұрпақ түлеп ұшты. Мен 10 жыл бойы инновациялық жобаларды басқарып, шетелдік компаниялармен жұмыс істедім. Университет берген негіз арқасында мен көптеген елдерге барып қайттым. Біздің альма-матерге табыс пен гүлдену тілеймін», – деді MNU түлегі Әсел Елемесова.

Айта кетейік, Maqsut Narikbayev University түлектермен белсенді байланыс орнатып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруда. Түлектерге жоғары оқу орнының ресурстары қолжетімді және олар қазіргі студенттерге қолдау көрсетуде. Бұдан басқа, MNU дипломдарының иегерлері университетте оқытушылар мен қызметкерлер ретінде қызмет атқаруда.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз