БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАУ АПТАЛЫҒЫ - MNU

БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАУ АПТАЛЫҒЫ

Post Image
26.08.2024

MNU Orientation Week 2024 жаңа студенттерді Maqsut Narikbayev University-дегі академиялық өмірмен таныстыруға дайын! Іс-шаралар кешені: университет басшылығымен танысудан бастап американдық стильдегі Welcome Party-ге дейін болмақ. Бағдарлау апталығы студенттерге жаңа білім беру ортасына тез бейімделуге және студенттік өмірдің қарқынына қосылуға көмектеседі.

MNU Orientation Week 2024 аясында студенттер:

  • жалпы мастер-класс сабақтарына қатысады;
  • университет басшылығымен, мектеп декандарымен және жекелеген пәндер оқытушыларымен танысады; 
  • жалпы конференция аясында MNU ақпараттық жүйелерінің мүмкіндіктері туралы білуге мүмкіндік алады: Smart MNU мобильді қосымшасы, Platonus ААЖ, Сanvas LMS және Outlook корпоративтік поштасы;
  • пәндерге онлайн-тіркеу өте алады.

Студенттердің салтанатты кездесуі Фемида алаңында өтсе, бағдарлау апталығының шарықтау шегі американдық стильдегі Welcome Party болмақ. Ұжым құру ойындары, көңілді музыка, қызықты жарыстар мен  ойын – сауық түрлері -2024 жылғы Orientation Week-тың соңғы күндерінің ең қызықты бөлігі болмақ.

Төмендегі тиісті сілтемелер бойынша өту арқылы сіз белгілі бір Мектептің бакалавриат студенттеріне арналған бағдарлау апталығының іс-шаралар бағдарламасымен таныса аласыз.

Магистранттарға арналған ақпарат:

ҚЖМ магистранттарына арналған бағдарлау апталығы іс-шарасының бағдарламасымен сілтеме бойынша таныса аласыз.

ХЭМ магистранттарына арналған бағдарлау апталығы іс-шарасының бағдарламасымен сілтеме бойынша таныса аласыз.

ЖГМ магистранттарына арналған бағдарлау апталығы іс-шарасының бағдарламасымен сілтеме бойынша таныса аласыз.

Байланыстар: 

DSA: +7 717 270 30 29, dsa@kazguu.kz

Admission: +7 717 270 30 30, admission@kazguu.kz