Maqsut Narikbayev University қабырғасында “Жоғары білім беруді интернационалдандыру: Қазақстандық жоғары оқу орындарының өнімділігі мен серіктестігі” тақырыбында форум өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – тәжірибе алмасу, ынтымақтастықты дамыту, академиялық қауымдастықтарды біріктіру.
Форумда Ғылым және Жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сөз сөйлеп, Maqsut Narikbayev University-ді белсенді дамып келе жатқан оқу орнының көрнекті үлгісі ретінде атап өтті. “Maqsut Narikbayev University – бұл белсенді дамып келе жатқан және үнемі жаңа тенденцияларды жүзеге асыруға және жаңа мүмкіндіктерді зерттеуге ұмтылатын оқу орындарының жарқын мысалы. Бұл өте маңызды, өйткені жоғары оқу орны әрдайым белсенді зерттеулер мен инновациялық тәсілдерді іздестіру жағдайында болуы керек”, – деді Саясат Нұрбек.