
Maqsut Narikbayev University Халықаралық журналистика мектебі алғашқы түлектерге диплом табыстауға дайындалуда. Биыл 25 маман журналистика бакалавры дәрежесін алады.
2021 жылы MNU білім беру бағдарламалары қатарына «Журналистика: аналитика және тергеу» жаңа мамандығы қосылды, ал екі жылдан кейін ҚР Президентінің Телерадиокешенімен бірлесіп Халықаралық журналистика мектебі ашылды. Аталған әріптестік студенттерге айтарлықтай мүмкіндіктер берді, оның ішінде грант алу мүмкіндігі, телерадиокешені ресурстарында практикадан өту, медиа саласындағы жетекші әлемдік сарапшылардың дәрістеріне қатысу бар. Бірлескен жоба талантты жастарды қолдау мен кәсіби дамыту және қоғам мен мемлекеттің заманауи коммуникативтік сұраныстарына жауап беретін журналистерді қалыптастыру бойынша маңызды қадам болды.
Төрт жыл бойы студенттер шетелдік білімі бар маманда мен қазақстандық БАҚ қызметкерлерінен білім алды. Жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам, сапалы материалдық-техникалық жарақтандыру оларға журналистиканың заманауи әдістерін игеріп қана қоймай, бірқатар медиа жобаларды дайындауға мүмкіндік берді. Бітіруші курс студенттерінің материалдары шамамен 10 БАҚ беттерінде пайда болды, ал олардың кейбіреулері медиакомпанияға жұмысқа орналасты.
Айта кетейік, Maqsut Narikbayev University түлектеріне диплом табыстау рәсімі 2025 жылдың 9 шілдесінде өтеді.
MNU Халықаралық журналистика мектебінің қызметі туралы толығырақ декан Айгүл Жамалованың сұхбатында. Жаңа оқу жылында мектеп «Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша студенттерді қабылдайды. Оқуға түсу шарттары туралы MNU Қабылдау комиссиясынан білуге болады.