Maqsut Narikbayev University профессорлары өзекті заң әдебиетін шығаруды жалғастыруда. Бүгін Қазақстан Республикасының әкімшілік процесі бойынша жаңа оқулықтың тұсаукесері өтті.
Судьялар корпусы, адвокатура және заң қоғамдастығының өкілдері, сондай-ақ MNU студенттері мен оқытушылары «ҚР Әкімшілік процесі. Жалпы бөлім. II том» оқулығының алғашқы оқырмандары болды. Басылымның авторы – заң ғылымдарының докторы, Associate Professor Роман Мельник. Кітап әкімшілік рәсімдік-процессуалдық блок саласындағы әдебиеттер циклін толықтырады.
Оқулық жаңа MNU Press бренді аясында жарық көрді. Презентация барысында Роман Мельник кітаптың ғылым мен практиканың комбинациясы екенін атап өтті. Басылым алты бөлімнен тұрады және автор негізгі бөлімдер ретінде құқық принциптері мен дереккөздерін белгілеген.

«Бұл жұмыс мен үшін ерекше, өйткені мен оны өзімнің алғашқы нағыз қазақстандық еңбегім деп есептеймін. Қазақстандағы алты жыл ішінде мен бұл елді шын жүректен сүйемін және менің басты ұмтылысым ретінде бәріміз үшін шынымен пайдалы нәрсе жасау болды. Мен студенттерге, сондай-ақ судьялар, адвокаттар мен заң кеңесшілеріне бірдей қызығушылық танытатын екі қарама-қарсы мақсатты біріктіретін кітап жасауға ұмтылдым. Менің негізгі міндетім академиялық тереңдік пен қолданбалы пайданың арасындағы осы тепе-теңдікке қол жеткізу болды», – деді Роман Мельник.
Оқулықта әкімшілік процестің жалпы бөлігінің негізгі ережелері көрсетіледі. Сонымен қатар автор тарихи, халықаралық және ұлттық тәжірибе призмасы арқылы әкімшілік іс жүргізу нормалары мен институттарына дәйекті талдау жасайды. Кітапта әкімшілік соттардың тәжірибесіне, әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің ережелерін түсіндіруге, құқық қолданудың күрделі мәселелеріне және әкімшілік істер үшін практикалық шешімдерге ерекше назар аударылды.
Айта кетейік, бұған дейін кітаптың бірінші томы жарық көріп, қазақ тіліне аударылған.





