MNU Logo
MNU-да академиялық адалдық мәселелері талқыланды - MNU

03.10.2025

MNU-да академиялық адалдық мәселелері талқыланды

Maqsut Narikbayev University-де жоғары білім беру жүйесінде академиялық адалдықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Университетте Академиялық адалдық лигасы кеңесінің төрағасы Талғат Нәрікбаев пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай кездесті.

Тараптар академиялық адалдық қағидаттарын нығайту және студенттер арасында адал еңбек құндылықтарын дәріптеу мәселелерін талқылады. Жасанды интеллект дәуірінде академиялық адалдықты қамтамасыз ету және жаңа технологияларды пайдалана отырып, бақылаудың тиімді тәсілдерін әзірлеу жөніндегі жұмысқа ерекше назар аударылды. Іс-шараға қатысушылар білім беру ұйымдарындағы қабылдау, емтихан тапсыру және оқу нәтижелерін бағалау процестерін жетілдіру жөнінде пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар академиялық адалдықты қамтамасыз ету, студенттердің сыни ойлау қабілетін дамыту және олардың білім сапасын әділ бағалауды қамтамасыз ететін жаңа тәсілдерді енгізу саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру туралы келісті. Бұған дейін Академиялық адалдық лигасы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі, сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі арасында білім беруде академиялық адалдықты қамтамасыз ету жөніндегі Меморандумға қол қойылған болатын. Антикордың қайта ұйымдастырылуына байланысты осы бағыт бойынша жұмысты Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жалғастырады.

Айта кетейік, Академиялық адалдық лигасы Maqsut Narikbayev University бастамасымен 2018 жылы құрылған болатын. Осы уақыт ішінде бірлестік әділ және ашық білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал ете отырып, этикалық стандарттарды ілгерілетудегі негізгі институт ретінде өзін көрсетті. Бүгінде 20-дан астам қазақстандық университет Лигаға мүше болып табылады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз