Maqsut Narikbayev University ғалымдарды, практиктерді және жас зерттеушілерді Тіл, туризм, психология және жасанды интеллект саласындағы қолданбалы зерттеулер бойынша халықаралық пәнаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады. Іс-шара 2026 жылғы 15-16 мамыр күндері өтеді.
Конференцияда бакалавриат және магистратура студенттерін қолдауға ерекше назар аударылады. Тәжірибелі зерттеушілер диалогқа, тәжірибе алмасуға және тәлімгерлікке қатысуға шақырылады. Бұл ашық ғылыми қоғамдастықтың қалыптасуына ықпал етеді. Іс-шара форматы – күндізгі, ал шетелдік тыңдаушылар мен спикерлер үшін онлайн қатысу көзделген.
Аңдатпа жіберу ережелері мен мерзімдері туралы қосымша ақпарат:
Тіл, туризм, психология және Жасанды интеллект саласындағы қолданбалы зерттеулер бойынша халықаралық пәнаралық ғылыми-практикалық конференция қолданбалы лингвистика, аударма, туризм және қонақжайлылық, психология және жасанды интеллект салаларындағы ғалымдар, практиктер және жас зерттеушілерді біріктіруге бағытталған. Жаңадан зерттеу жүргізе бастаған бакалавриат пен магистратура студенттері, ғылыми мансапқа дайындалып жатқан жас ғалымдар мен аспиранттарды қолдауға баса назар аударылады. Сонымен қатар, конференция ашық ғылыми қоғамдастық құруға ықпал ете отырып, өзге зерттеушілермен диалог құрып, тәжірибе алмасуға, тәлімгерлікке үлес қосқысы келетін тәжірибелі академиктердің қатысуын мақұлдайды.
Конференцияның төрт негізгі бағыты: қолданбалы лингвистика, аударматану, туризм және қонақжайлылық, сонымен қатар психология. Жасанды интеллект пікірталасты кеңейтетін және негізгі пәндер бойынша қолданбалы зерттеулерді байытатын қосымша зерттеу бағыты ретінде ұсынылған. Конференцияның негізгі бағыттарымен ЖИ-дің қатынасын зерделеген жұмыстар мақұлданады.
Конференцияның негізгі тақырыптық бағыттары
- Психология және когнитивті зерттеулер
- Қатысым мен оқытудың когнитивті механизмдері
- Сандық ортадағы эмоциялар, ынталандыру мен мінез-құлық
- Қызметкерлердің корпоративтік мәдениеттегі эмоционалдық әл-ауқаты
- Қазақстан жастарының ЖИ-ді цифрландыру және енгізу жағдайында жұмыс істеуге қатысты психологиялық дайындығы
- Жасанды интеллект технологияларын пайдаланатын психологиялық диагностика және интервенциялар
- Көптілді және мультимәдениетті мән-мәтіндерде ақпаратты когнитивті өңдеу
- Қолданбалы лингвистика және аударматану
- Жасанды интеллект дәуірінде тілдерді оқыту және үйрену
- Медиа аударма және мультимодальды қатысым
- Машиналық аударма, кейінгі редакция және адам жасампаздығының рөлі
- Мәдениетаралық коммуникация және кроссмәдениетті прагматика
- Тіл саясаты, көптілділік және жаһандық азаматтық
- Лингвистикадағы корпустық, деректерге негізделген және эмпирикалық әдістер
- Туризм және қонақжайлылық
- Мәдени сәйкестік, мұраны түсіндіру және туристік бағыттардың брендингі
- Тұрақты, «ақылды» және цифрлық туризм
- Туризм саласындағы зерттеулерде, маркетинг және тұтынушы тәжірибесінде ЖИ технологияларының рөлі
- Туризмдегі тіл, қарым-қатынас және қызмет көрсету сапасы
Тіркеу мен қатысу
MNU Университеті бакалавриат студенттері үшін қатысу тегін.
Басқа университеттердің студенттері мен магистранттары үшін тіркеу ақысы 5000 теңгені құрайды.
Оқытушылар үшін (профессорлық-оқыушылық құрам) тіркеу ақысы 10 000 теңгені құрайды. Төлем Комитеттен ресми түрде қабылданғаны туралы растау алғаннан кейін төленуі тиіс. Төлем реквизиттері электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Тіркеу міндетті:
- – баяндамашыларға;
- – тыңдаушыларға.
Қатысушыларды тіркеу және аңдатпаларды тапсыру келесі сілтеме арқылы жүзеге асырылады:
Конференция бағдарламасы
Конференцияның толық бағдарламасы (секциялары, негізгі баяндамашылар мен сөз сөйлеу кестесі) 2026 жылдың сәуір айында университеттің ресми парақшасында жарияланып, барлық тіркелген қатысушыларға жіберіледі.
Маңызды күндер
| Кезең | Мерзімі |
| Аңдатпаларды жіберу (200-300 сөз) | 10 наурыз 2026 |
| Қабылдау туралы хабарлама | 15 сәуір 2026 |
| Конференция өтетін күндер | 15-16 мамыр 2026 |
Мақалалардың толық нұсқасын ұсыну (міндетті емес, жариялау үшін) 20 мамыр 2026
Өтінім беруге қойылатын талаптар
- Аңдатпа (200-300 сөз)
Аңдатпада мына ақпарат қамтылуы керек:
- баяндама атауы
- авторы немесе авторлары (аты-жөні)
- аффилиациясы, қаласы
- электронды поштасы
- аңдатпада (200-300 сөз) қамтылуы керек: зерттеу мәселесі, зерттеу мақсаты, әдістемесі
- тірек сөздер (3-5).
- негізгі нәтижелер немесе күтілетін тұжырымдар
- ғылыми маңызы
- Толық мақалаға қойылатын талаптар (жариялау үшін)
Көлемі: 5-10 бет (әдебиеттер тізімінсіз)
Пішімі: - Файл: Word (.docx)
- Түрі: Times New Roman
- Өлшемі: 12 pt
- Жоларалық: 1.15
- Жиектері: 2.5 см
- Тегістеу: ені бойынша
- Бірінші абзац шегінісі: 1.25 см
Мақала құрылымы:
- 1. Атауы (қалың қаріппен, ортасында)
- 2. Авторы немесе авторлары
- 3. Аффилиациясы, қаласы, e-mail
- 4. Аңдатпа (200-300 сөз)
- 5. Тірек сөздер (3-5)
- 6. Кіріспе
- 7. Әдебиетке шолу / Теориялық негіздер
- 8. Әдістемесі
- 9. Нәтижелері
- 10. Талқылау
- 11. Қорытынды
- 12. Әдебиеттер тізімі (APA 7)
Барлық мақалалар:
- – редакциялық тексеруден
- – қосарланған жасырын рецензиялаудан өтеді.
Жұмыс тілдері: ағылшын, орыс, қазақ
Аңдатпалар мен мақалалар кез келген жұмыс тілінде ұсынылады.
Байланысу үшін
Сұрақтар үшін:
mnusla.conference@mnu.kz
Maqsut Narikbayev University, Жоғары Гуманитарлық Мектебі
Астана қ, Қазақстан
Ұйымдастырушы комитет | Конференция менеджері:
Жадра Амангельдинова, MNU ЖГМ Ғылым комитеті төрайымы
zh_amangeldinova@kazguu.kz
Жоғары Гуманитарлық Мектебі, Ғылым комитеті:
rec_sla@kazguu.kz
Ольга Байнова, деканның жоғары оқу орнынан кейінгі оқыту, ғылым және даму жөніндегі орынбасары, o_bainova@kazguu.kz