MNU Logo
АЙДАРБЕК ХОДЖАНАЗАРОВ MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІНЕ 10 МЫҢ ДОЛЛАР СЫЙЛАДЫ - MNU

АЙДАРБЕК ХОДЖАНАЗАРОВ MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY СТУДЕНТТЕРІНЕ 10 МЫҢ ДОЛЛАР СЫЙЛАДЫ

Post Image
24.01.2025

2025 жылдың 23 қаңтарында Maqsut Narikbayev University-де «Principles of Management» пәні бойынша оқитын студенттер арасында бизнес-жобалар байқауының финалы өтті. Бұл пәннің оқытушысы — Maqsut Narikbayev University Халықаралық экономика мектебінің аға оқытушысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдарбек Ходжаназаров. Ол байқаудың жеңімпаздарына 10 мың доллар көлеміндегі қаржылай сертификатты өз қолымен табыс етті.

Финалистер өз жобаларын, бизнес-моделдерін және нарықтық әлеуетін таныстырды. Жобалар онлайн жеткізу қызметтерін жасанды интеллект көмегімен жақсарту, көшбасшылық қасиеттерді дамыту және кіші және орта бизнесті қолдау салаларын қамтыды. Байқаудың жеңімпазы «Leader’s Voice» жобасы болып табылды. Жоба командасы Айдарбек Ходжаназаровтан 10 000 АҚШ долларын ұтып, өз идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік алды.

«Біздің жобамыз Қазақстанның шағын және орта бизнес қызметкерлері мен басшылары арасында шешендік өнер дағдыларын дамытуға бағытталған. Бұл оларға кәсіби деңгейін арттыруға, халықаралық нарыққа шығуға және еліміздің экономикасының өсуіне ықпал етуге мүмкіндік береді. Ұтқан қаржыны болашағымызға инвестиция ретінде жұмсаймыз және бізге бұл мүмкіндікті берген Maqsut Narikbayev University мен оқытушы Айдарбек Ходжаназаровқа шын жүректен алғыс айтамыз», — деді байқау жеңімпазы, «Маркетинг» мамандығы бойынша 2 курс студенті Анель Ашимова.

«Principles of Management» пәні студенттерге бизнес саласында практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған. Бизнес-жобалар байқауы қатысушыларға өз білімдерін көрсетуге және кәсіби міндеттерді шешуге дайын екендіктерін дәлелдеуге мүмкіндік береді. Биыл байқау үшінші рет ұйымдастырылып отыр, ал студенттік бастамаларды қолдау үшін демеушілік қолдау бөлінуде.

«Мен әрқашан Maqsut Narikbayev University студенттерін жоғары бағалаймын. Сабақтарымыз ағылшын тілінде өтсе де, студенттеріміз материалды жақсы меңгереді, белсенділік танытып, пікірталастарға қатысып, жоғары білім деңгейін көрсетеді. Жастардан көп нәрсе үйренуге болады деп сенемін», — деп атап өтті Maqsut Narikbayev University аға оқытушысы Айдарбек Ходжаназаров.

Айта кету керек, 2025 жылғы ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының университеттердің білім беру бағдарламалары рейтингі бойынша Maqsut Narikbayev University «Менеджмент» мамандығы бойынша еліміздегі үздік оқу ордасы болып танылды. Бұл білім беру бағдарламасы 45 университет арасында көшбасшы атанып, түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі шамамен 93%-ды құрады. MNU миссиясы — сапалы және қолжетімді білім беру арқылы қоғамға қызмет ету.

Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды адрес

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде бухгалтерлік білім бар ма

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз