Айнұр Кәрібозова Maqsut Narikbayev University басқарма төрағасының орынбасары қызметінен кетті. Ол бұл лауазымды 2022 жылдың ақпанынан бастап атқарды.
Айнұр Кәрібозова 2024-2027 жылдарға арналған MNU Даму стратегиясын әзірлеуге белсенді қатысты, адами капиталдың тиімділігін арттыру және халықаралық байланыстарды кеңейту бойынша бірқатар жобаларды іске асырды. Оның басшылығымен Қызметкерлерді қаржылай қолдау қоры жұмыс істей бастады, сондай-ақ қызметкерлердің құзыреттілігін дамытуға бағытталған PDP бағдарламасы белсенді дамыды. Бұдан басқа, ол Endowment MNU қорының қызметіне және университет түлектерімен жұмыс істеуге жетекшілік етті.
Maqsut Narikbayev University Айнұр Бағдатқызына жемісті ынтымақтастық үшін шынайы алғыс білдіреді және табыс тілейді!
