Maqsut Narikbayev University-ге Аустрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Андреа Бахер келді. Ол жоғары оқу орнының инфрақұрылымымен танысып, MNU басшылығымен кездесу өткізді.
Университет дипломатиялық корпуспен өзара іс-қимылды белсенді түрде арттыруды жалғастыруда. Андреа Бахер аустриялық дипломатиялық миссияны осы жылдың басында басқарды. MNU басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаевпен кездесуде академиялық және мәдени ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Айта кетейік, Аустрия Қазақстанның Орталық Еуропадағы жетекші сауда серіктестерінің қатарына кіреді. Бүгінде Қазақстанда аустриялық капиталдың қатысуымен 180-ге жуық кәсіпорын тіркелген.
