MNU Logo
Біз әлемдік деңгейдегі жетекші ғылыми орталықтың қалыптасу жолында тұрмыз – Марат Ахмади MNU-дағы ғылымның дамуы туралы - MNU

12.04.2025

Біз әлемдік деңгейдегі жетекші ғылыми орталықтың қалыптасу жолында тұрмыз – Марат Ахмади MNU-дағы ғылымның дамуы туралы

MNU ғылыми-зерттеу университетіне трансформациялауды жоспарлап отыр. Бүгінде университетте ғылыми зерттеулер белсенді жүргізілуде, MIND орталығы іске қосылып, жас ғалымдарды қолдау және қалыптастыру жүйесі жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Ғылым қызметкерлері күні Maqsut Narikbayev University ғылыми қызмет және зерттеулер жөніндегі вице-провосты Марат Ахмади білім ордамыз үшін маңызды бағыттың дамуы туралы айтып берді.

– Марат Асқарұлы, бүгін елімізде Ғылым қызметкерлерінің күні. Өзіңізге мәлім, алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеулер мен студенттердің тартымдылығы жоғары оқу орындарын жетекші инновациялық орталықтарға айналдырады. Сіз бүгінгі таңда университеттік ғылымның жай-күйін қалай бағалайсыз?

– Бүгінде елімізде ғылым мен жоғары білім саласы жаңа биікке көтеріліп келеді. Ғылым саласын қаржыландыру да артуда. Осы орайда ғылым мен ғалымдардың бесігі, қайнар көзі университеттер екенін есте сақтаған жөн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, инновацияға негізделген ғылым экономиканың қозғаушы күші болуға тиіс. Осы мақсатта университеттік ғылым еліміздің ғылыми-инновациялық экожүйесінде жетекші орынға шығып, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті жобаларды жүзеге асыруға ұмтылуда. Дегенмен университеттік ғылымды тек халықаралық деңгейде мықты академиялық стандарттар орната білген жоғарғы оқу орындары ғана дамыта алады деп ойлаймын. Академиялық сапа университеттердегі озық ғылыми-инновациялық экожүйенің фундаменті. Осындай фундаменті бар оқу орындарынан келешекте зор үміт күтуге болады.

– Maqsut Narikbayev University ғылыми-зерттеу жоғары оқу орнына трансформациялау бойынша өзіне үлкен міндет қойды. Бұл стратегия тәжірибеде қалай іске асырылуда және қандай негізгі қадамдар жасалды?

– MNU ұзақ жылдар академиялық сапасын шыңдау жолында еңбек етіп, халықаралық деңгейде үлкен жетістіктерге жетті.  Европалық FIBAА, енді міне ұлыбританиялық QAA акредитацияларынан мүдірмей өтуіміз бізде берілген білімнің әлемдік стандарттар дәрежесінде екенінінің дәлелі. Ендігі қадам университетімізді ғылыми-зерттеу университеті дәрежесіне көтеру. Бұл мақсатта үлкен инвестициялар құйылуда. Ғылымды дамыту үшін жұмысқа мықты ғалымдар тартылып, ғылыми мектептер мен ғылыми орталықтар құрылуда. Ғылымның алғашқы баспалдағын бұрынғыдай магистратурадан емес мектептен, бакалавриаттан бастап жатырмыз. Narikbayev Scholarship республикалық олимпиадасы арқылы ғылымға бейім мектеп түлектерін тартудамыз. PBL және НИРС жүйесі арқылы қабілетті студенттердің ғылыми ізденістері күшейтілді. MNU Research Fellow, Travel Grants және Publication Grants сынды қолдау бағдарламалары іске қосылып, ғылыми зерттеулерді ынталандыруға жүйелі шаралар қабылдануда. Сонымен қатар халықаралық әріптестік желісі кеңейтіліп, ғылыми зерттеулердің сапасы мен нәтижелілігіне ерекше назар аударылуда. Өткен жылы think & do tank форматында ашылған MIND (Maqsut Narikbayev Institute for Network and Development) ғылыми-талдау орталығы осы трансформацияның маңызды бөлігі.

– Университеттегі зерттеу ортасын дамытуда ғылыми мектептер қандай рөл атқарады? Қазір олардың саны қанша және олар қандай бағыттарға бағдарланған?

– Қазіргі таңда университетімізде 10-нан астам ғылыми мектеп, институт және орталықтар жұмыс істейді. Олар құқықтану, экономика, халықаралық қатынастар сияқты бағыттарда жұмыс атқарып, ғылыми кадрларды жүйелі дайындау мен зерттеу мәдениетін қалыптастыруда шешуші рөл атқаруда. Бұл салалармен шектелмей, жоспарлы түрде журналистика және тілдер бағытында да ғылыми мектептер қалыптастыру ойда бар. Әр мектеп ғылыми зерттеулердің басым тақырыптарын анықтап, студенттер мен оқытушыларды біріктіре отырып, университеттің ғылыми әлеуетін арттыруға зор үлес қосуда. Professors track бағдарламасы аясында абитуриент кезінде Narikbayev Scholarship арқылы таңдап алған жастарды, бакалавриат, магистратура және докторантура кезінде шыңдап, MNU Research Fellow бағдарламасымен қаржылай қолдай отырып өз ғалымдарымызды, өз ғылыми мектептерімізде өсіріп жатырмыз. Professors track бағдарламасының мақсаты ғылым жолына түсем, профессор болам, ғылыми мектептерде жұмыс істеймін деген жастарға жол ашу, осы жолға қызығушылықты арттыру.

– Осы аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде университеттер тың зерттеулер мен жаңалықтардың бастауында тұруға тиіс деп айтты. Сіздің ойыңызша, ғылымды дамытуға және университеттер мен ғылыми ұйымдардың стратегиялық орталық болуына қандай тиімді тәсілдер қажет?

– Ғылымды дамыту үшін университеттерге ең бірінші мықты фундамент керек – ол академиялық адалдық қағидасымен шыңдалған жоғары академиялық сапа. Бұл алғышарт. Кейінгі кезекте ғалымдардың жағдайын жақсарту керек, Германия тәжірибесіндегідей тікелей бюджеттен қаржыландырудың жолын ашу керек. Сонымен қатар инновациялық зерттеулерді қаржыландыруды арттырып, ғылыми инфрақұрылымды нығайтуы қажет. Бұдан бөлек, халықаралық ғылыми қоғамдастықпен әріптестікті кеңейту де өте маңызды. Ғылыми-зерттеу жобаларына практикалық сипат беріп, экономиканың нақты секторымен тығыз байланыс орнату керек. Сондай-ақ, ғылыми кадрлардың кәсіби деңгейін үздіксіз көтеру арқылы сапалы зерттеулерге қол жеткізуге болады. Бұл жүйелі қолдауды қажет ететін, ұзақ та машақаты көп жол. Дегенмен жүйелі жұмыс пен осындай шаралардың арқасында университеттер стратегиялық ғылыми орталықтарға айналуы мүмкін.

– Оқытушылар мен студенттер ғылыми жұмысқа қаншалықты белсенді тартылады? MNU жас ғалымдарды қолдау және жаңа буын ғылыми кадрларын қалыптастыру үшін қандай шаралар қабылдауда?

– Жоғарыда айтылғандай біз ғылымның алғашқы баспалдағын бұрынғыдай магистратурадан емес бакалавриаттан, тіпті мектеп қабырғасынан басталады дегенге сенеміз. Түрлі ғылыми байқаулар, конкурстар, hackaton мен олимпиадалардан бөлек оқу процесінде PBL және НИРС жүйесі арқылы қабілетті студенттердің ғылыми зерттеу дағдылары күшейтілуде. Біздің университетте ғылыми-зерттеу жұмыстарына оқытушылар мен студенттердің басым бөлігі белсенді қатысады. Университетте MNU Research Fellow, Narikbayev Scholarship стипендиялары, сондай-ақ Travel Grants пен Publication Grants бағдарламалары арқылы жас ғалымдарға жүйелі қолдау көрсетіледі. Ғылыми жобалар мен байқаулар тұрақты өткізіліп, жеңімпаздар шетелдік университеттерге тағылымдамаға, жазғы-қысқы мектептерге жіберілуде. Осы шаралардың барлығы ғылыми кадрлардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған.

Оқулықтарды аудару жөніндегі жобаларды дамыту қаншалықты маңызды және бұл мемлекеттік тілді дамытуға қалай әсер етеді?

– Салалық оқулықтардың әлемдік деңгейдегі озық үлгілерін қазақ тіліне аудару – ең алдымен, көптеген жылдар сапалы кітаптардан алыс қалған қазақ тілді студенттердің сұранысын қанағаттандыруда, сонымен қатар мемлекеттік тілдегі ғылыми терминологияны дамытуға және білім сапасын арттыруға үлкен ықпал етеді. Мұндай жобалар арқылы халықаралық деңгейдегі ғылыми еңбектерді ана тілімізде оқыту мүмкіндігі артады, сонымен қатар студенттер мен оқытушылардың мемлекеттік тілдегі ғылыми-зерттеу қабілетін нығайтады. Маңызды әдебиеттердің қазақшаға аударылуы, жай аударылып қоймай доктриналдық коррекция әдіс қолдана аударылуы құқық саласындағы ғылыми мазмұнның қолжетімділігін арттырумен қатар, мемлекеттік тілді ғылым тілі, құқық тілі ретінде дамытуға маңызды қадам болып табылады.

Өткен жылы MNU-да MIND ғылымиталдау орталығы жұмыс істей бастады. Аталған ұйымның пайда болуы білім ордамыздағы ғылыми зерттеулердің өсуіне қалай әсер етті және ғылымды жобалық басқарумен біріктіру мүмкін бе?

MIND ғылыми-талдау орталығы университеттегі ғылыми зерттеулердің сапасын айтарлықтай арттырып, ғылыми жобаларды тиімді басқаруды қамтамасыз етуде. Бұл орталық зерттеулерді жобалық басқару жүйесімен біріктіріп, ғылыми жұмыстың нақты нәтижелерге бағытталуын күшейтті. Ғылыми-зерттеу жобаларының халықаралық деңгейде танылуына ықпал ететін орталықтың болуы университетіміздің ғылыми-инновациялық әлеуетін көтерді. Бұдан бөлек, MNU АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Түркия, Сингапур және басқа да елдердің жетекші университеттерімен белсенді ынтымақтастық орнатқан. Бұл серіктестік ғылыми-зерттеу жобаларын бірлесіп жүзеге асыруға, халықаралық журналдарда жарияланымдар жасауға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

– MNU-да болашақтың ғылымын қалай көресіз? Университет қандай бағыттарда күшейе түседі және 5-10 жылдан кейін оның ғылыми ерекшелігі қандай болуы мүмкін?

– Көпшілік келешекті цифрландыру мен IT-технологиялардың заманы деп атайды. Дегенмен, технологиялардың өзі де, оның артындағы жасанды интеллект те ең алдымен адам үшін қызмет етеді. Ал адамның болмысын, мінезін, қоғамның даму бағытын және мәдени өзгерістерін зерттейтін – дәл осы гуманитарлық ғылымдар. Цифрлық дәуір қаншалықты ілгерілесе де, адами құндылықтар, әділдік, этика, мәдениет, психология мен философия мәселелері өз маңызын жоғалтпайды. Технологиялық прогресс қаншалықты жылдам болса, оның адам өміріне тигізер әсерін саралау, адам мен технологияның бірге өмір сүру мүмкіндігін зерттеу соншалықты маңызды. Осы сараптаманы жасау, өзгерістерді басқару мен адами құндылықтарды қорғау гуманитарлық білім иелерінің еншісінде. Сондықтан да болашақтың білім ордалары гуманитарлық ғылымдарды технологиямен интеграциялай алатын, адам мен қоғамды түсінетін, адами капиталды дамытатын орталықтар ретінде көрініс табады деп есептеймін. Осы себептен, XXI ғасырдың негізгі шешуші күші технократия емес, гуманитарлық сана болмақ. Сондықтан, алдағы 5-10 жылда MNU құқықтық зерттеулер, цифрлық құқық, киберқауіпсіздік, экономика, халықаралық қатынастар, ақпараттық технологиялар, журналистика және жалпы әлеуметтік ғылымдар салаларында әлемдік деңгейде жетекші ғылыми орталықтардың біріне айналады деп күтілуде. Университет инновациялық ғылыми мектептер мен зерттеу орталықтары арқылы заманауи ғылыми-зерттеу әдістерін белсенді қолдана отырып, елдің және әлемнің ғылыми-инновациялық кеңістігіндегі беделін одан әрі нығайтады деп сенемін.

– Мазмұнды әңгіме үшін рахмет!

Айта кетейік, Maqsut Narikbayev University ғылыми-зерттеу қызметі туралы толығырақ біздің сайттың «Зерттеу және ғылым» бөлімінен білуге болады.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз