Бұл жоба бірқатар балалар үйлерінің, оның ішінде “SOS Астана балалар ауылы” ұйымының тәрбиеленушілеріне жоғарғы білім алуға мүмкіндік береді. “Endowment MNU” корпоративтік қоры биыл орта мектептерді бітіріп жатқан жетім балалар мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға гранттар бөледі. Қайырымдылық жобасы аясында Қор директоры Жанна Байсейітова балалар ауылының түлектерімен кездесіп үлгерді және ұйым атынан балаларға оқуын жалғастыруға және сұранысқа ие мамандар болуға ұмтылуда қолдау білдірді. Бұрын хабарланғандай, MNU корпоративтік қорын құру мақсаттарының бірі халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру болып табылады.