Maqsut Narikbayev University-де Бразилияның Қазақстан, Қырғызстан және Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марсель Фортуна Биато болды. Ол «Қолданбалы дипломатия» курсы аясында дәріс оқыды.
Елші өз тәжірибесімен бөлісіп, Астана мен Бразилиа арасындағы диалогтың дамуын атап өтті. Ол Қазақстанның халықаралық саясаттағы орта держава ретіндегі рөлі және Бразилияның Орталық Азия елдерімен кең ынтымақтастығы туралы айтты. Дипломат сондай-ақ мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылдың мүмкіндіктерін нақты айқындау маңыздылығына тоқталды.
«Студенттермен кездесу жастар арасында басқа елдердің тәжірибесін зерттеуге қызығушылын көрсетті. Біз Бразилия мен Қазақстанның ұқсастығын, ынтымақтастығымыздың кейбір мүмкіндіктерін талқыладық. Сонымен қатар ауыл шаруашылығынан бастап аэронавтикаға дейінгі көптеген мәселелер бойынша пікір алмастық», – деді Марсель Фортуна Биато.
Айта кетейік, Бразилия Қазақстанның Оңтүстік Америкадағы басты экономикалық серіктесі.


