Бүгін Триатлон саябағында Maqsut Narikbayev University @mnu.kz мен Астана қалалық Триатлон федерациясы @astana_triathlon бірлесіп ұйымдастырған RUN FOR YELDAR – MNU MARATHON 2024 қайырымдылық марафоны өтті. - MNU

Бүгін Триатлон саябағында Maqsut Narikbayev University @mnu.kz мен Астана қалалық Триатлон федерациясы @astana_triathlon бірлесіп ұйымдастырған RUN FOR YELDAR – MNU MARATHON 2024 қайырымдылық марафоны өтті.

Post Image
25.05.2024

Жыл сайын «Endowment MNU» КҚ студенттерді қолдау және бүкіл MNU қоғамдастығының әлеуметтік жауапкершілігін нығайту мақсатында қайырымдылық жүгіру марафонын өткізеді. Марафонға студенттер, түлектер, MNU қызметкерлері және еліміздің барлық ниет білдірген азаматтары қатысты. Жыл сайын өтетін марафонның биылғы мақсаты Maqsut Narikbayev University 3 курс студенті Елдар Қармысұлының емделуіне қаржылай көмек көрсету. Елдарға сүйек кемігін трансплантациялауды қажет ететін пароксизмальдытүнгі гемоглобинурия диагнозы қойылды. Сол себепті жиналған қаражат оның Түркиядағы емін ұйымдастыруға септігін тигізіп, сауығып кетуіне мүмкіндік береді.