Құрметті студенттер!
2025–2026 оқу жылының көктемгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлаймыз.
Қатысуға мүмкіндігі бар үміткерлер:
– 60 ECTS кредитінен кем емес көлемді меңгерген бакалавриат студенттері;
– Магистратура және докторантура студенттері.
Критерийлер:
– GPA: кемінде 2.5 (Erasmus+ үшін — кемінде 3.0);
– Ағылшын тілі деңгейі: кемінде B2.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 6 қазан.
Өтінімдер мен қажетті құжаттарды Smart MNU веб-нұсқасы арқылы және сонымен қатар №220 кабинетке электронды түрде (USB флешкада) тапсыру қажет.
Қажетті құжаттар:
- Белгіленген нысандағы студенттің өтінімі (жүктеу)
- Паспорттың скан-көшірмесі
- Ағымдағы оқу жылы бойынша транскрипт (қазақ/орыс және ағылшын тілдерінде)
- Ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын халықаралық сертификат (IELTS, TOEFL, Cambridge English, Duolingo)
- Толтырылған сауалнама (жүктеу)
- Академиялық ұтқырлық аясында шетелде оқу үшін ата-аналардың/қорғаншылардың/заңды өкілдердің жазбаша келісімі (жүктеу)
- Ұсыным хаттар (қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде, болған жағдайда)
- Ұлттық немесе халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысудан алынған марапаттар, сертификаттар, дипломдар көшірмелері (болған жағдайда)
- Арнайы санаттарға жататындығын растайтын құжаттар (болған жағдайда):
- Көп балалы екенін растайтын отбасы құрамы туралы құжат;
- Ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер үшін);
- Мүгедектікті растайтын құжат;
Серіктес университеттер мен пәндер тізімімен алдын ала танысып, таңдаған пәндеріңізді оқу бағдарламаңызға сәйкес эдвайзеріңізбен келісулеріңізді сұраймыз.
Сұрақтар туындаған жағдайда Халықаралық ынтымақтастық бөліміне mobility@kazguu.kz электронды поштасы арқылы, Instagram @mnu_international арқылы немесе №220 кабинетке тікелей жүгіне аласыз.
Серіктес университеттердің тізімі жаңа ақпарат түскен сайын жаңартылып отырады!
Erasmus+ бағдарламасы бойынша серіктес университеттер:
| Университет | Білім беру бағдарламасы/мамандығы | Орын саны |
| Мартин Лютер атындағы Галле-Виттенберг университеті, Германия | Халықаралық құқық (Неміс тілі – B2) | 1 |
| Льеж университеті (University of Liège), Бельгия | Халықаралық қатынастар, Халықаралық құқық (Саясаттану) | 2 |
| Saarland University, Саарбрюккен | Халықаралық құқық, Құқық | 1 |
Өзін-өзі қаржыландыру бағдарламасы бойынша серіктес университеттер:
| Университет | Білім беру бағдарламасы/мамандығы | Орын саны |
| Вусонг университеті, Тэджон, Корея Республикасы | Бизнес-әкімшілік | 2 |
| Острава университеті, Чехия | Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика, Экономика, Қаржы, Менеджмент | 10 |
| Мендель университеті, Брно, Чехия | Бизнес-әкімшілік | 2 |
| Дунайварош университеті, Венгрия | Бизнес-әкімшілік, Журналистика | 2 |
| Sciences Po Toulouse, Тулуз | Халықаралық қатынастар, Халықаралық құқық (Саясаттану) | 2 |
| Париж Нантер университеті, Париж | Халықаралық қатынастар, Халықаралық құқық | 5 |
| Рейн-Вааль қолданбалы ғылымдар университеті, Германия | Бизнес-әкімшілік, Халықаралық қатынастар | 3 |
| Хоф университеті, Германия | Бизнес-әкімшілік | 2 |
| Нордхаузен қолданбалы ғылымдар университеті, Германия | Бизнес-әкімшілік | 3 |
| Вильнюс университеті, Литва | Халықаралық құқық, Құқық, Юриспруденция | 5 |
| Витаутас Магнус университеті, Каунас, Литва | Қолданбалы лингвистика, Аударма ісі, Журналистика | 2 |
| WSB университеті, Домброва-Гурнича, Польша | Менеджмент, Бизнес саласындағы IT, Халықаралық қатынастар | 2 |
| Кавказ халықаралық университеті, Тбилиси, Грузия | Бизнес-әкімшілік | 2 |
| Қоғамдық істердің грузин институты, Тбилиси, Грузия | Халықаралық қатынастар, Халықаралық құқық (Саясаттану), Журналистика, Маркетинг, Экономика, Психология | 4 |
| Батум Шота Руставели мемлекеттік университеті, Грузия | Халықаралық құқық, Құқық, Юриспруденция, Туризм, Бизнес-әкімшілік, Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика | 4 |
| Иване Джавахишвили атындағы Тбилиси мемлекеттік университеті, Грузия | Психология, Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика | 3 |
| Пертамина университеті, Джакарта, Индонезия | Халықаралық қатынастар, Менеджмент, Экономика | 5 |
| Жоғары экономика мектебі, Мәскеу, Ресей | Психология, Халықаралық құқық, Құқық, Юриспруденция | 2 |
| Ташкент мемлекеттік заң университеті, Өзбекстан | Халықаралық құқық, Құқық, Юриспруденция | 15 |
| University of Jaén, Хаэн | Бизнес-әкімшілік, Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика | 4 |
| University of Alcalá, Алькала-де-Энарес | Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика | 2 |
| Kiel University, Килль | Бизнес-әкімшілік | 2 |
| Shanghai University of Political Science and Law, Шанхай | Халықаралық қатынастар, Халықаралық құқық (Political Science) | 2 |
| Northwest University, Сиань | Халықаралық құқық, Құқықтану, Аударма ісі, Қолданбалы лингвистика | 2 |
| Bahçeşehir University, Ыстанбұл | Журналистика, Қолданбалы лингвистика, Бизнес-әкімшілендіру, Халықаралық қатынастар | 4 |