MNU Logo
Шынайы хроника: Kazinform-ның 105 жылдығына арналған кітаптар MNU-ға сыйға тартылды - MNU

16.10.2025

Шынайы хроника: Kazinform-ның 105 жылдығына арналған кітаптар MNU-ға сыйға тартылды

Maqsut Narikbayev University-ге «Kazinform. Шынайы хроника» кітабының 40 данасы сыйға тартылды. Кітап беру университет пен Kazinform Халықаралық ақпарат агенттігі басшылығының кездесуі барысында өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені құрылымына кіретін Kazinform халықаралық мәртебе алған алғашқы мемлекеттік ақпарат агенттігі ретінде танымал. Агенттік 105 жыл бойы саясат, экономика, білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және қоғам өмірінің басқа да маңызды салалары туралы сенімді және уақытылы ақпарат таратып келеді. Kazinform материалдары бес тілде, сондай-ақ латын графикасы мен Төте жазуда қолжетімді.

Кездесу барысында MNU Провосты Анар Ибраева Kazinform редакциясын мерейтойымен құттықтап, ҚР Президентінің Телерадиокешені басшылығына жемісті ынтымақтастық үшін алғыс білдірді. Айта кетейік, 2023 жылы MNU-да Телерадиокешенмен бірлесе Халықаралық журналистика мектебі ашылды. Мектеп деканы Айгүл Жамалова студенттердің өндірістік практикадан өту, жұмысқа орналасуы және жетекші отандық және әлемдік журналистерден тәжірибе алуы үшін серіктестердің қолжетімді кең мүмкіндіктерін атап өтті.

Сонымен қатар Kazinform Басқарушы директоры Нағашыбек Алдан мерейтойлық кітап бойынша жүргізілген ауқымды жұмыстар туралы айтып берді. Басылымда түсінікті тілде халықаралық ақпарат агенттігінің жаңалықтар әзірлеу ұстаханысының сырлары және кәсіби құпиялары туралы баяндалады. Нағашыбек Алдан басылымның болашақ журналистер үшін пайдалы оқу құралы болатынына сенім білдірді.

Айта кетейік, «Kazinform. Шынайы хроника» кітабы университет кітапханасында оқырмандар үшін қолжетімді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз