2022 жылдың 28 қазанында М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде «COP-27: The voice of youth from Glasgow to Sharm El-Sheikh» атты студенттік пікірсайыс өтті. Ұйымдастырушылар БҰҰ-ның Тұрақты Үйлестіруші Кеңсесі, Қазақстандағы Египет Елшілігі, Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігі, Қазақстандағы Италия Елшілігі болды.
Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша КАЗГЮУ студенттері төрт топқа бөлінді: “Жұмсарту”,”Бейімделу”, “Қаржы” және “Ынтымақтастық”. Іс-шара жастарға климаттың өзгеруіне қарсы тұрудың жаңа идеяларын талқылау үшін негізгі мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуге, жетістіктер мен қиындықтарды көрсетуге мүмкіндік берді.
