
Maqsut Narikbayev University Emeritus Professor-ы Жаннетта Қалишева 4-6 шілде аралығында Қырғызстанда өткен Халықаралық құқықтық форумға қатысты.
Үш күн бойы Бішкек пен Ыстықкөл құқықтық идеялар мен цифрлық шешімдердің орталығына айналды. 7-ден астам елден келген мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың өкілдері, заңгерлік қауымдастық мүшелері құқықтық жаңа сын-тегеуріндер мен үрдістер, киберқауіпсіздік мәселелері және құқықтық тәжірибеде цифрландыруды қолдануды талқылады. Форум пленарлық сессиялар, панельдік пікірталастар және TEDx мастер-кластары форматында өтті.
Жаннетта Қалишева Қазақстан Республикасында 2025–2030 жылдарға арналған заң білімін дамыту тұжырымдамасының негізгі идеялары мен бағыттары туралы баяндады. Ол мемлекетіміздің Орталық Азияда осындай стратегиялық құжат қабылдаған алғашқы елдердің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ Emeritus Professor Қазақстанда сот жүйесін цифрландыру тақырыбында презентация жасап, MNU серіктестерімен бірлесіп құрылған Кибермектептің жұмысы туралы айтты.
Айта кетейік, Халықаралық құқықтық форум төртінші рет өтті.