
Maqsut Narikbayev University фотография мен контент-креаторлыққа қызығатын барлық жандарды фотограф әрі визуалды суретші Дархан Жағыпаровпен (@m1dwaaay) қонақ дәрісіне шақырады!
Кездесудің тақырыбы – фотографтар мен контент-креаторлар үшін жеке бренд қалыптастыру. Лекция барысында индустрияда дамудың негізгі мәселелері қарастырылады: әртүрлі жанрларда қалай жұмыс істеу, өзіндік стильді табу, кәсіби ортада ерекшелену, клиенттерді тарту және ілгерілету стратегиясын құру. Спикер өз тәжірибесімен бөлісіп, визуалды контент саласындағы өзекті трендтерді талдап, қатысушылардың сұрақтарына жауап береді.
Лекция 21 ақпан күні, жұмада, сағат 13:00-де Pesonicha кеңістігінде, “Large” алаңында өтеді. Бұл шара фотография, визуалды контент жасау және креативті индустрияда даму жолдарын іздейтіндер үшін пайдалы болмақ. Қатысушылар үшін бұл тәжірибе алмасуға, жаңа байланыстар орнатуға және сарапшыдан құнды практикалық кеңестер алуға тамаша мүмкіндік.