MNU Logo
Республика күні: MNU қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталды - MNU

24.10.2025

Республика күні: MNU қызметкерлеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталды

Maqsut Narikbayev University қызметкерлерінің еңбегі мемлекеттік деңгейде тағы да атап өтілді. Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында олар жоғары наградаларға ие болды.

«Парасат» орденімен Emeritus Professor Төлеш Қаудыров наградталды. Қазақстан Президентінің атынан мемлекеттік награданы оған ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев тапсырды. Бұл орден ғылым, мәдениет, әдебиет, өнер, мемлекет және қоғам қайраткерлерi, елдің рухани және зияткерлік әлеуетiн дамыту мен молайтуға зор жеке үлес қосқан азаматтарға, сондай-ақ адам құқықтары мен оның әлеуметтiк мүдделерiн қорғау жөнiндегi белсендi қызметi үшiн беріледі.

Төлеш Каудыров Қазақстанда және шетелде танымал заң ғылымдарының докторы және профессор. Заңгер-ғалым мемлекеттің құқықтық жүйесінің дамуына елеулі үлес қосты, Қазақстанның бірінші Конституциясының мәтінін әзірледі және Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануына куә болды. Ол білім саласында 35 жылдан астам уақыт жұмыс істейді, тең жартысына жуығы MNU командасында.

ҚР Әділет министрлігі Emeritus Professor Рамазан Нұртаевтың да еңбегін атап өтті. Оған ведомстволық марапат – «Еңбек ардагері» медалі табыс етілді. Медальді экономиканың түрлі салаларының қызметкерлері және зейнеткерлік жасқа жеткен, жалпы жұмыс өтілі 40 жылдан астам, оның ішінде бір салада кемінде 10 жыл, сондай-ақ еңбек қызметінде ең жоғары нәтижелерге қол жеткізген адамдар алады.

Заң ғылымдарының докторы, профессор Рамазан Нұртаевтың білім беру қызметі жарты ғасырға жуық уақытты қамтиды, оның ішінде 28 жыл MNU профессорлық-оқытушылық құрамының қатарында. Ол қылмыстық құқық пен криминологияның қазіргі заманғы проблемаларын әзірлеумен айналысқан көрнекті заңгер-ғалым ретінде танымал. Сондай-ақ 20-дан астам заң ғылымдарының кандидаты, 4 PhD докторын дайындап, 160-қа жуық ғылыми жарияланымдары жарық көрді.

Ұлттық мереке қарсаңында «Құрмет» орденімен Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев наградталды. Қазақстан Президенті атынан мемлекеттік награданы оған Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек тапсырды. Орден азаматтарға экономика, әлеуметтiк сала, ғылым, мәдениет және бiлiм беру iсiн дамытуға сiңiрген еңбегi, мемлекеттiк органдардағы мiнсiз қызметi және белсендi қоғамдық қызметi үшiн беріледі.

Талғат Нәрікбаев университетті 2007 жылдан бастап басқарып келеді. Оның басшылығымен ауқымды реформалар жүзеге асырылып, жоғары оқу орны жаңа даму деңгейіне шықты. Сонымен қатар ол ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі және елорда мәслихатының депутаты болды, бүгінде Академиялық адалдық лигасы кеңесінің төрағасы болып табылады.

Айта кетейік, бұған дейін МNU қызметкерлері мемлекеттік наградаларды ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай алған болатын.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
MNU-да Еуропа Кеңесі орталығының өңірлік кеңсесі ашылды
07.12.2025

MNU-да Еуропа Кеңесі орталығының өңірлік кеңсесі ашылды

Maqsut Narikbayev University жаһандық диалог пен академиялық ынтымақтастықтың белсенді орталығы болуда. Университетте Білім беру саласындағы...

Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?
06.12.2025

Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?

Бір апта бұрын Maqsut Narikbayev University студенттер қатарына ресми түрде қабылдау салтанатты рәсіміне бес мыңнан астам адам қатысты. Ендеше, университеттің басты мерекесінің қалай өткенін біздің фоторепортаждан біле аласыз. 27 қараша күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайы ерекше сәнге еніп, тартысқа толы аренаға айналды. Төрт жоғары мектеп чемпион атағы үшін жыл сайын өтетін дәстүрлі додада бақ сынасты. Кештің басты тақырыбы – «Arman Iesi. Think. Create. Lead» идеясы студенттерге кең ойлауға, жасампаз болуға және қарқынды дамып келе жатқан технологиялар дәуірінде көш бастауға жетелейтін үндеу болды. Студенттердің қойылымдары жасанды интеллекттің дамуы, болашақ мамандықтардың бейнесі және мәліметтер мен алгоритмдер күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған замандағы адамның рөлі турасында өрбіді. MNU студенттер қатарына қабылдау дәстүрлері – айрықша дүние. Кешқұрым...

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады
05.12.2025

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады

Maqsut Narikbayev University-де MNU Bridge Hub сараптамалық алаңы іске қосылды. Мемлекеттік және жекеменшік орта мектеп...

Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз