29.03.2024 Public Library алаңында Халықаралық журналистика мектебінің білім беру бағдарламалар жетекшісі, Меруерт Жакиянова және Ильяс Отан, қазақстандық деректі фильм режиссері, өздерінің қысқаметражды туындыларын ұсынды. Көрсетілімге студенттер, оқытушылар және қонақтар қатысып, қазіргі қазақстандық деректі киноның жаңа толқынымен танысты.
Көрсетілген фильмдер қатарында:
- Dears — Калифорниядан келген Димаштың супер-жанкүйерлерінің Қазақстанға сапары туралы (9 мин.), Qara Film Festival 2023 бағдарламасына енген;
- Segiz — Оңтүстік Қазақстандағы жұмбақ көлге саяхаттаған шетелдіктер туралы (29 мин.), International Road Movie Festival 2021 фестивалінде көрермендер жүлдесін иеленген;
- Сурфактант — мобилизациядан қашып, Қазақстанда жаңа өмір бастаған адам туралы (13 мин.), The Student Academy Awards (Oscar) жартылай финалына және ArtDocFest Riga 2024 бағдарламасына енген.
Кеш соңында қатысушылар режиссерлермен сұхбаттасып, фильмдердің идеясы мен түсірілім барысы туралы сұрақтар қойды. Бұл кеш көрермендерге деректі киноның өмір мен қоғамды бейнелеудегі рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.