
Maqsut Narikbayev University Халықаралық экономика мектебінің білім беру бағдарламалары Англия мен Уэльстің алқа бухгалтерлер институты (ICAEW) стандарттарына сәйкестігін тағы да растады. Университет 2026 жылға білім беруде серіктес мәртебесін алды.
Қайта аккредиттеу университеттің білім беру бағдарламаларының қаржылық білім берудің қатаң халықаралық стандарттарына сәйкестігін растайды. «Бухгалтерлік есеп саласындағы бизнес әкімшілендіру» және «Қаржы саласындағы бизнес әкімшілендіру» мамандықтарының студенттері ICAEW сертификаттау деңгейінің 15 емтиханынан босатылады. Атап айтқанда олар өздерінің академиялық жетістіктерін әлемнің 150-ден астам елінде жұмыс берушілер мойындаған модульдерді есептеуде пайдалануға мүмкіндік береді.
ICAEW қаржы, бухгалтерлік есеп және бизнес білім беру саласындағы 170 мыңнан астам кәсіпқойлар мен студенттерді біріктіретін ең беделді әлемдік ұйымдардың бірі. Айта кетейік, MNU білім беру бағдарламалары сондай-ақ QAA, FIBAA, CIMA, ACCA, CIM, HRCI, GARP, CFA және CEEMAN беделді халықаралық агенттіктерімен аккредиттелген.