MNU Logo
Британдық QAA сарапшылары MNU-да трансұлттық білім берудің перспективаларын талқылады - MNU

31.03.2025

Британдық QAA сарапшылары MNU-да трансұлттық білім берудің перспективаларын талқылады

Maqsut Narikbayev University-де Қазақстандағы трансұлттық білім беруді (TNE) дамытуға арналған ауқымды талқылау өтті. Шараға Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Жоғары білім беруді дамыту орталығының, Ұлыбританияның UK QAA агенттігінің, қазақстандық жоғары оқу орындарының және аккредиттеу агенттіктерінің өкілдері қатысты. Басқосу барысында трансұлттық білім берудегі негізгі кедергілер, мүмкіндіктер және халықаралық білім беру бағдарламаларының сапасын қамтамасыз ету жолдары талқыланды.

Қазақстанда жоғары білім беруді халықаралықтандыру қарқынды дамып келеді. Жетекші шетелдік университеттердің филиалдары ашылуда, қос дипломды бағдарламалар іске қосылуда, сондай-ақ Ұлыбритания, Еуропа, Азия және Солтүстік Америка елдерімен әріптестік кеңеюде. Алайда, бұл үдеріс жаңа сұрақтар тудырады: оқыту сапасын қалай арттыруға болады? Халықаралық стандарттарды ұлттық білім беру жүйесіне қалай бейімдеу керек? Халықаралықтандыру саясатына қандай өзгерістер қажет?

Халықаралық және қазақстандық сарапшылар жұмысының негізгі нәтижелерінің бірі трансұлттық білім беру сапасын қамтамасыз ету шеңберін (TNE QAF) әзірлеу болды. Бұл құжат университеттер мен реттеуші органдарға білім сапасын бақылаудың ашық механизмдерін қамтамасыз ететін құрал ретінде, сондай-ақ жаһандық үздік тәжірибелерді ұлттық білім беру жүйесіне енгізуге ықпал етеді.

Айта кетейік, MNU 2024 жылы халықаралық білім беру аренасындағы жоғары мәртебесін растады. Университет Халықаралық сапа аудитінен (IQR) сәтті өтіп, Ұлыбританияның Білім сапасын қамтамасыз ету агенттігінің (QAA) жаһандық аккредитациясын алды. QAA сарапшылары MNU-дың Еуропалық жоғары білім кеңістігінің (ESG) 10 стандартына сай келетінін жоғары бағалады. Атап айтқанда, студенттердің өз оқу кестесін өздері құрастыру мүмкіндігі, түлектерді жұмыспен қамтуға қолдау көрсету жүйесі, кәсіби ұйымдармен әріптестік байланыстар және университет қызметкерлерінің физикалық және психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалар ерекше назарға алынды.

Maqsut Narikbayev University Орталық Азия және ТМД аймағында QAA аккредитациясын алған алғашқы жоғары оқу орны саналады. Бұған дейін MNU бағдарламалары FIBAA еуропалық агенттігінің институционалдық аккредитациясынан өткен болатын. Бұл оның жоғары білім берудегі сапа стандарттарына бейілділігін тағы бір рет дәлелдейді.

Post Image

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз