Maqsut Narikbayev University-де «Қолданбалы дипломатия» атты арнайы курс аясында кезекті дәріс өтті. Спикер ретінде Қазақстандағы Еуропалық Одақ Елшісі Алешка Симкич сөз сөйледі.
Дәрістің негізгі тыңдармандары «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері болды. Алешка Симкич болашақ дипломаттарға ЕО-ның Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығы және Қазақстанның стратегиялық рөлі туралы айтып берді. Сондай-ақ жаһандық мәселелерді шешуде диалог пен өзара түсіністіктің маңызын атап өтті.
«Дипломат түрлі қасиеттерге ие болуы керек. Сондықтан мен әрдайым икемді болу, тілдерді меңгеру және коммуникация дағдыларын дамыту қажеттігін айтамын. Міндетті түрде басшы немесе көшбасшы болудың қажеті жоқ, өз әлеуетіңді дұрыс пайдаланып, оның сыртқы саясат саласында қалай пайда әкелетінін түсіне білу», – деді Алешка Симкич.
Айта кетейік, жаңа оқу жылы басталғалы бұл курс аясында MNU-да Италия, Финляндия, Сербия Елшілерінің және Португалия миссиясы Басшысының дәрісі өтті.
