Maqsut Narikbayev University-де Euronews академиясының кезекті курсы басталды. Отандық БАҚ-тың 25 қызметкері «Салалық журналистика» модулі бойынша оқытылып жатыр.

Журналистер мен БАҚ қызметкерлерінің кәсіби дағдыларын арттыру үшін медиаиндустрияда халықаралық тәжірибесі бар жетекші мамандар шақырылды. Олар салалық журналистиканың негіздері және мультимедиалық сторителлинг, журналистік зерттеу және талдау әдістері, бизнес-журналистика және экономика, орнықты даму журналистикасы тақырыптарын қамтиды. Курс оқытушылары – Euronews телеарнасының бас редакторы және Еуропалық одақтың жаңалықтар бөлімінің басшысы Джереми Флеминг-Джонс, Euronews-тің Астанадағы бюросының басшысы Боян Бркич және Euronews-тің Румыниядағы бюросының бас редакторы Андра Мирон Диаконеску бар.
Euronews академиясының курстары журналистика және медиа саласындағы кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған. Қатысушылар телеарнаның білім беру бағдарламалары мен тағылымдамаларына қол жеткізіп, халықаралық жетекші сарапшылардан тәжірибелік білім алады. Жоба Euronews, «Медиа даму қоры» корпоративтік қоры және Астана қаласының жоғары оқу орындары арасындағы меморандум аясында іске асырылуда, онда Maqsut Narikbayev University курстарды өткізу базасы ретінде белгіленген. Айта кетейік, бұған дейін курстардан MNU студенттері мен қазақстандық медиаменеджерлер өткен болатын.
