Maqsut Narikbayev Universtiy-ге (MNU) АҚШ-тың жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Penn State University өкілдері келді. Америкалық делегация MNU топ-менеджментімен кездесіп, серіктестікті кеңейтуді талқылады.
Penn State University делегациясының құрамына Assistant Professor Филип Джолли және Еуразиялық өңірдегі серіктестік келісімдер мен ынтымақтастық жөніндегі директордың орынбасары Влад Лихолетов енді. Профессор Джолли hospitality білім беру саласында әлемдік көшбасшы ретінде танылып және 17 мыңнан астам маман дайындаған Қонақ үй менеджменті мектебінің білім беру бағдарламаларын таныстырды. Бұдан өзге, ол университеттің Қазақстаннан студенттер санын көбейтуге мүдделі екенін атап өтті.
Penn State University өкілдері MNU басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаевпен кездесіп, жоғары оқу орнының қызметімен танысты. MNU провосты Сергей Пен білім беру бағдарламалары туралы егжей-тегжейлі айтып, туризм және қонақ үй ісі саласындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін, қос диплом, халықаралық сертификаттау және академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамытуды талқылады. MNU Жоғары гуманитарлық мектебінің деканы Анар Ибраева қонақтарды университеттің туризм индустриясы үшін мамандар даярлау саласындағы жетістіктері, соның ішінде халықаралық тағылымдамалар, жаһандық қонақ үйлермен серіктестік, Франция мен Швейцарияның жоғары оқу орындарымен бірлескен бағдарламалардың табысты іске қосылғаны туралы хабардар етті.
1855 жылы негізі қаланған Penn State University АҚШ-тың ірі зерттеу жоғары оқу орындарының бірі болып табылады. Осы жылдың басында MNU басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев пен MNU провосты Сергей Пен АҚШ-тағы университетке барып, ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімге қол жеткізді. Сапар барысында қонақ үй менеджменті, журналистика, коммуникация және халықаралық қатынастар салаларында бірлескен академиялық бастамаларды іске қосу жоспарлары белгіленді. Сондай-ақ 2+2, 3+1, BA+MA бірлескен білім беру бағдарламаларын және америкалық PhD баламасы – SJD бағдарламасы бойынша оқуды жалғастыруға мүмкіндік беретін MNU Құқық жоғары мектебінің түлектеріне арналған бағдарламаны әзірлеу қарастырылған.
Айта кетейік, бұл кездесу Қазақстан мен АҚШ арасындағы берік академиялық көпір құрудағы маңызды қадам болды. Онда MNU өзін жаһандық білім, тәжірибе және инновациялар үшін ашық алаң ретінде көрсетеді.


