MNU Logo
Практикаға бағыт: MNU профессорлық-оқытушылық құрамы тәжірибелі мамандармен толықтырылды - MNU

17.09.2025

Практикаға бағыт: MNU профессорлық-оқытушылық құрамы тәжірибелі мамандармен толықтырылды

Maqsut Narikbayev University профессорлық-оқытушылық құрамы жаңа оқу жылында тәжірибелі мамандармен толықтырылды. Университет сот жүйесі мен мемлекеттік басқарудан бастап халықаралық консалтинг, қаржы мен медиаға дейінгі түрлі салалардан жоғары білікті тәжірибелі мамандарды шақырды.

Құқық жоғары мектебі нақты практиканы оқу процесіне ықпалдастыруға көңіл бөлді. Командаға танымал сарапшылар қосылды, олардың ішінде Шыңғыс Темір (LIBRAN төрелігінің басшысы, «Атамекен» ҚР ҰКП және жеке секторда үлкен тәжірибесі бар заңгер-практик), Айжан Құлбаева (Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының төрағасы), Дархан Игембаев (ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің басшысы) және Нұрбол Шамиев (Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының экс-судьясы).

Халықаралық экономика мектебі шетелдік деңгейде танылған сарапшылармен күшейе түсті. Негізгі бағыт CFA тректі және «Қаржы саласындағы іскерлік әкімшілендіру» білім беру бағдарламасын күшейту болды. Бакалавриат студенттері нарықтың қазіргі мамандарынан, беделді CFA халықаралық сертификаттау иегерлерінен білім алатын болады. Жаңа оқытушылар қатарында Олжас Игсатов (ҚР Ұлттық банкінде 19 жылдық жұмыс тәжірибесі бар CFA), Азиз Азнабакиев (CFA, M&A-мәмілелер және қаржы стратегиясы саласындағы сарапшы), Ержан Сейілбек (CFA, Лондон қор биржасы Тобында жұмыс тәжірибесі бар маман), Бақыт Төлегенов (Глазго Университетінің түлегі, менеджмент саласындағы PhD) және Сағит Бәкіров (Кеннеди атындағы Гарвард мемлекеттік басқару мектебінің магистрі және мемлекеттік саясат пен стратегия саласында консалтингте мол жұмыс тәжірибесі бар маман).

Университетке табысты мансап құрған және жаңа ұрпақпен тәжірибе алмасуға дайын түлектердің қайтып оралуы мақтанышқа себеп болды. Құқық жоғары мектебінің оқытушылары қатарына Бауыржан Жанәділов («Qazpatent» бас маманы), Вероника Ким («New Legal Century Partners» адвокаттық кеңсесінің басқарушы серіктесі), Нұрғазы Әнуарбеков (ҚР Әділет министрлігі басқармасының басшысы) және Виктория Ночевная («Orion Central Asia Limited» комплаенс директорының орынбасары) қосылды. Халықаралық экономика мектебінің жаңа оқытушысы Гүлсая Татикова (салықтық консалтинг және цифрлық өнімдерді әзірлеу саласында 7 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар маман) болды, ал Халықаралық журналистика мектебінеӘйгерім Арғымбаева (ForteBank PR-қызметінің бас маманы) қосылды.

Жоғары гуманитарлық мектебінің оқытушылар құрамы да едәуір кеңейді. «Психология» білім беру бағдарламасы бес жаңа сарапшымен күшейтілді. Олар іргелі және заманауи пәндерді оқытатын болады: Санжар Қалқанбай (HR-дегі деректерді талдау), Назым Бозымбаева (шешім қабылдау), Ержан Мырзабаев (жүйелі отбасылық психотерапия), Жәмиля Қапарова (транзакциялық талдау) және Наталья Абрамова (психологиядағы жасанды интеллект). «Аударма ісі» және «Қолданбалы лингвистика» білім беру бағдарламаларында студенттерді халықаралық тәжірибесі бар мамандар күтеді. Олардың арасында Полина Кульнева (қытай тілі), Чон Ю Джин (корей тілі), Кристина Весельская (ілеспе аударма), Даяна Аманбаева (француз тілі) және Әсел Байділдинова бар (испан тілі). Мамандардың көпшілігі шетелде тағылымдамадан өтіп, халықаралық жобаларға қатысты. Бұдан басқа, «Туризм» бағыты бойынша курстарды практиктер – Нұрсұлтан Әсемжар (инвестицияларды басқару және тұрақты туризм) және Жарасхан Темірханов (бухгалтерлік есеп) жүргізеді.

Сонымен қатар Халықаралық журналистика мектебі практиктерді тартуға баса назар аударды. Мектептің жаңа оқытушыларының қатарында Айбын Шағалақов (National Geographic Kazakhstan бас редакторы), Махаббат Сәдуақасова (Euronews Academy менеджері), Айгүл Төлекбаева («Казахстанская правда» жалпыұлттық газетінің шығарушы редакторы), Ерлан Омаров («Егемен Қазақстан» жалпыұлттық газетінің фотографы) және медиа саланың басқа да сарапшылары. Айта кетейік, студенттер «Digital Media Marketing», «Даулы-сезімтал журналистика», «SMM distribution» сияқты заманауи пәндерді меңгереді.

Осылайша, Maqsut Narikbayev University қазақстандық және әлемдік жетекші мамандарды, сондай-ақ перспективалы жас оқытушыларды тарту бойынша дәйекті стратегияны жүзеге асыруда. Профессорлық-оқытушылық құрамды ауқымды күшейту білім берудің практикалық құрамын едәуір арттырады және студенттерге нақты сектордағы ең өзекті білімдерге, технологиялар мен кейстерге мүмкіндік береді. Айта кетейік, университеттің миссиясы – Біз сапалы және қолжетімді білім беру арқылы қоғамға қызмет етеміз.

Post Image

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз