MNU Logo
Алтайдан Атырауға дейін: MNU-де Қазақстан тарихын 10 жылдан астам уақыт жаңа форматта зерттеуде - MNU

18.03.2025

Алтайдан Атырауға дейін: MNU-де Қазақстан тарихын 10 жылдан астам уақыт жаңа форматта зерттеуде

Maqsut Narikbayev University жастардың рухани-патриоттық тәрбиесіне ерекше мән береді. Осы жұмыстың басты бағыттарының бірі – 2013 жылдан бері «Қазақстан тарихы» пәні аясында жүргізіліп келе жатқан тарихи-мәдени экскурсиялар. Бұл формат теориялық материалды оқумен ғана шектелмей, оны тәжірибе жүзінде бекітуді көздеп, еліміздің маңызды орындарына бару, театрлық қойылымдарға қатысу және тарихи оқиғаларды талдау арқылы жүзеге асады.

Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, біз сан ғасырлық тарихымызды мақтан етеміз. Тамыры терең төл шежіреміз – халқымыздың мәдени кодының өзегі. Оны жан-жақты зерттеп, ой елегінен өткізуге және барынша дәріптеуге қажетті жағдай жасауымыз керек. Бұл – мемлекеттің негізгі міндетінің бірі.

10 жылдан астам уақыт ішінде экскурсияларға Maqsut Narikbayev University-дің екі мыңнан астам студенті қатысты. Бағыттар Қазақстанның барлық өңірлерін қамтыды: шығыстағы Жидебайдан батыстағы Маңғыстауға және де солтүстіктегі Бурабайдан оңтүстіктегі қасиетті Түркістанға дейін. Ал 2024 жылы география кеңейіп, студенттер бауырлас халықтың ғасырлар бойғы байланыстарын тереңірек зерттеу үшін Өзбекстанға барды.

Негізгі бағыттар:

«Тараз-Түркістан» – 2014 жылдан бері жыл сайын ұйымдастырылатын экскурсияда студенттер Оңтүстік Қазақстанның қасиетті жерлерін аралайды;

«Ботай-Бурабай» – Солтүстік Қазақстандағы ежелгі қоныстар мен мәдени ескерткіштерді зерттеу;

«Ұлытау» – Қазақ мемлекеттілігінің бесігі» – Қазақ хандығының қалыптасу болған тарихи орындарға саяхат;

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» – Шығыс Қазақстандағы ежелгі қорғандар мен петроглифтерді қамтитын бағыт;

«Ата-баба жолымен» – Батыс Қазақстанның бірегей табиғи және тарихи ескерткіштеріне сапар;

«Ұлы Жібек жолының ізімен» – Оңтүстік Қазақстан, Өзбекстан және сауда мен мәдени алмасу тарихымен байланысты аймақтарға бағытталған сапар.

MNU-дің білім беру процессінде театрлық қойылымдар ерекше орын алады. Қойылымдар барысында студенттер ел тарихындағы маңызды оқиғаларды сахнада қайта жаңғыртады. Соңғы жылдары университетте «Керей-Жәнібек», «Абай», «Баталасу», «Ұлықтау», «Ақталмаған үміттер», «Яссауи іліміне құрмет», «Қалам» және «Орда» сияқты спектакльдер қойылды. Театр өнері арқылы студенттер сол дәуірдің рухын сезініп, тарихи шешімдердің күрделілігін түсініп, өткеннің қазіргі заманға әсерін ұғына алады.

Maqsut Narikbayev University-дегі Қазақстан тарихын зерттеудің осындай форматы студенттерге тек терең білім алып қана қоймай, сыни ойлауды дамытып, ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастырып, ата-баба мұрасына деген құрметін нығайтуға көмектеседі. Мұндай бастамалар тарихтың ел болашағын қалыптастырудағы маңыздылығын түсінетін адал азаматтарды тәрбиелеуге ықпал етеді. Айта кетейік, MNU көзқарасы – даму жолы ғылым, білім, әлеуметтік жауапкершілік және рухани-адамгершілік құндылықтармен айқындалатын адал және әділ қоғам құруға жәрдемдесу.

Post Image

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз