MNU Logo
Германия Елшісі MNU-да дәріс оқыды - MNU

07.11.2025

Германия Елшісі MNU-да дәріс оқыды

Maqsut Narikbayev University-ге Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Елшісі Моника Иверсен келді. Ол болашақ дипломаттарға дәріс оқыды.

Моника Иверсен студенттерге дипломатиялық мамандықтың ерекшеліктері және Астана мен Берлин арасындағы өзара қарым-қатынастың нығаюы туралы айтып берді. Дәріс «Қолданбалы дипломатия» арнайы курсы аясында өтті. Елші тыңдаушылардың қызығушылығы, белсенділігі және хабардарлығын ерекше атап өтіп, құнды кеңестерімен бөлісті.

«Дипломатқа өз жұмысында түрлі жағдайда жұмыс істеп, түрлі мәселелерді шешуге тура келеді. Осы ретте икемді болу, ашық ақыл-ой, жоғары қызығушылық керек және сұхбаттасушының көзқарасын тыңдай білу қажет. Бұл дағдылар ұстанымды жеткізуге, ортақ шешім табуға және дамуға көмектеседі», – деді Моника Иверсен.

Айта кетейік, сондай-ақ MNU-да Қазақстандағы Германия Елшілігімен бірлескен «Қайта зерделеу. Еске алу мәдениетіндегі ГДР» көрмесі өтті. Іс-шара Германия біртұтас социалистік партиясының қызметін зерделеуге және Германия Демократиялық Республикасының тарихи тәжірибесі мен КСРО-ның ыдырауы арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар туралы ой жүгіртуге бағытталды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Барлық жаңалықтар
MNU-да Еуропа Кеңесі орталығының өңірлік кеңсесі ашылды
07.12.2025

MNU-да Еуропа Кеңесі орталығының өңірлік кеңсесі ашылды

Maqsut Narikbayev University жаһандық диалог пен академиялық ынтымақтастықтың белсенді орталығы болуда. Университетте Білім беру саласындағы...

Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?
06.12.2025

Университеттің 2025 жылғы басты оқиғасы – MNU студенттер қатарына қабылдау рәсімі қалай өтті?

Бір апта бұрын Maqsut Narikbayev University студенттер қатарына ресми түрде қабылдау салтанатты рәсіміне бес мыңнан астам адам қатысты. Ендеше, университеттің басты мерекесінің қалай өткенін біздің фоторепортаждан біле аласыз. 27 қараша күні Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайы ерекше сәнге еніп, тартысқа толы аренаға айналды. Төрт жоғары мектеп чемпион атағы үшін жыл сайын өтетін дәстүрлі додада бақ сынасты. Кештің басты тақырыбы – «Arman Iesi. Think. Create. Lead» идеясы студенттерге кең ойлауға, жасампаз болуға және қарқынды дамып келе жатқан технологиялар дәуірінде көш бастауға жетелейтін үндеу болды. Студенттердің қойылымдары жасанды интеллекттің дамуы, болашақ мамандықтардың бейнесі және мәліметтер мен алгоритмдер күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған замандағы адамның рөлі турасында өрбіді. MNU студенттер қатарына қабылдау дәстүрлері – айрықша дүние. Кешқұрым...

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады
05.12.2025

MNU Bridge Hub: орта және жоғары білім беру сарапшылары жасанды интеллект интеграциясын талқылады

Maqsut Narikbayev University-де MNU Bridge Hub сараптамалық алаңы іске қосылды. Мемлекеттік және жекеменшік орта мектеп...

Барлық жаңалықтар
Нарикбаев Талгат Максутович
Председатель Правления АО «Университет КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева»
Пішінді толтырыңыз

    Тілді таңдаңыз

    Мәртебесі

    Міндетті түрде

    Академиялық дәреже

    Міндетті түрде

    Азаматтық

    Міндетті түрде

    Аты

    Міндетті түрде

    Тегі

    Міндетті түрде

    Электронды пошта

    Міндетті түрде

    Ұялы телефон нөмірі

    Міндетті түрде


    Пішінді толтырыңыз

      Аты-жөні

      Міндетті түрде

      Электронды мекенжайы

      Міндетті түрде

      Телефон нөмірі

      Міндетті түрде

      Сізде ғылыми дәреже бар ма?

      Міндетті түрде

      Қызмет атауы

      Міндетті түрде

      Сіздің түйіндемеңіз