2024 жылдың 2 желтоқсанында Maqsut Narikbayev University-де Францияның Қазақстандағы Елшісі Сильван Гиогенің дәрісі өтті. Іс-шара барысында мәдениет және білім саласындағы өзекті тақырыптар талқыланды.
Өз сөзінде елші өзінің мансап жолы туралы баяндап, Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын атап өтті. Ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парижге және Франция Президенті Эммануэль Макронның Қазақстанға жақында жасаған сапарларының маңыздылығын ерекше атап өтті. Әсіресе ауыл шаруашылығы, цифрландыру және экология сияқты салалардағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Дәрістен кейін студенттер халықаралық саясат, экологиялық тұрақтылық және білім беру бағдарламалары туралы сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды.
Іс-шара соңында Maqsut Narikbayev University Сильван Гиоге мырзаға алғыс білдіріп, естелікке сыйлық ұсынды.