2023 жылдың 16 қазанында Maqsut Narikbayev University “Қолданбалы Дипломатия” курсы аясында Мәртебелі Елші Отто Иван Ронаның – Венгрияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің қонақ дәрісін өткізді.
Отто Иван Рона мырзаның дәрісі екіжақты қатынастарға, елдердің білім беру, қауіпсіздік және экономика саласындағы ынтымақтастығына, Елшіліктердің жұмысына, Венгрияның сыртқы саясатына және Қазақстан-Венгрия қатынастарына арналды.
Дәрісті қорытындылай келе, Мәртебелі Елші жақсы дипломатқа маңызды дағдылармен бөлісіп, студенттердің әртүрлі сұрақтарына жауап берді.
