2023 жылдың 28 қарашасында Мақсұт Нәрікбаев атындағы Университет Эстония Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бас хатшысы Джонатан Всевьев Мырзаны қуана қарсы алды.
Всевьев Мырза халықаралық құқық студенттерімен ережелерге негізделген халықаралық-құқықтық жүйе – оның болашағы мен мәселелері, Эстонияның сыртқы саясатының траекториясы және болашақ жаһандық тәртіпке деген көзқарасы туралы әңгімелесті. Сессия барысында бас хатшы аймақта да, бүкіл әлемде де бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін маңызды алты негізгі қағиданы атап өтті.
Қазақстан Республикасындағы Эстония Республикасының Елшілігіне осы іс-шараны ұйымдастыруға бастамашы болғаны үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.
