2023 жылдың 27 қыркүйегінде Maqsut Narikbayev University қабырғасында Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі құрметті мырза Мұстафа Капуджудың «Қолданбалы дипломатия» курсы аясында қонақ дәрісі өтті.
Елшінің дәрісі дипломатияның мәні, өмірі, құрылымы мен негізгі құралдарына арналды. Елші Капуджу сондай-ақ өзгермелі әлемдегі сыртқы саясаттың қазіргі кездегі қиындықтары туралы пікірін білдірді.
Дәрісті қорытындылай келе, Елші студенттермен жақсы дипломат болу үшін қандай қасиеттер қажет екені туралы кеңестерімен бөлісті.
Дәрістен кейін Елші Капуджу университетке экскурсия жасап, басқарма төрағасымен кездесіп, білім саласындағы болашақ серіктестіктер туралы пікір алмасты.