2022 жылғы 9 қарашада М. Нарикбаев атындағы KAZGUU университеті «Қолданбалы дипломатия» курсы аясында Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Делегациясының Төтенше және Өкілетті елшісі Х.Е. Кестутис Янкаускасты қонақ дәрісін өткізуге шақырды.
Дәріс барысында Кестутис Янкаускас Еуропалық Одақтың дипломатиясы, ЕО институттарының жұмысы туралы әңгімелеп, студенттермен өзінің жеке дипломатиялық тәжірибесімен бөлісті.
