2022 жылдың 17 қазанында М. Нарикбаев КАЗГЮУ Университетінде «Қолданбалы дипломатия» курсы аясында Бразилия Федеративті Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі мәртебелі мырза Рубем Антонио Коррея Барбоза қонақ дәрісін өткізді.
Елші дәріс барысында елдің экономикалық өсуі мен Бразилия дипломатиясының негізгі принциптері туралы әңгімеледі. Дәріс соңында Елші студенттерге Бразилия туралы кітаптар сыйға тартты және болашақта оның ізімен жүретін студенттерге өз мансаптарында нақты бір салаға мамандануға кеңес берді.
