2022 жылдың 10 қазанында М. Нарикбаев КАЗГЮУ Университетінде «Қолданбалы дипломатия» курсы аясында Германия Федеративті Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі мәртебелі ханым Моника Иверсен қонақ дәрісін өткізді.
Елші Моника Иверсен Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына тоқталып, халықаралық аренадағы қазіргі саяси дамулар мен қақтығыстарды талқылады.
