2022 жылғы 14 қарашада М. Нарикбаев атындағы KAZGUU университетіне Марокко Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мохаммед Рашид Маанину келіп, «Қолданбалы дипломатия» курсы аясында дәріс оқыды.
Дәріс барысында Мохаммед Рашид Маанину өз елінің туризм саласы, сыртқы саясаты және Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы болашақ мүмкіндіктер туралы сөз сөйледі.
Сөз соңында, елші студенттерге “қалыпты ойлау шеңберінен шығуға” кеңес берді.
Университет сыйлық ретінде Марокко Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінен ту қабыл алды.